Өлең, жыр, ақындар

Маяковскиймен әңгіме

  • 29.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1101
Жолдас, Маяковский!
Мен де ақынмын өзімше
Ырғақ, ұйқас құрағыш,
Өзгелерді сынағыш.
Республикам Европадан кеңірек,
Аспаным да басқа аспаннан көгірек,
Бірақ өзім туғаннан соң әлсіз боп
Өлеңім де шыға береді нәрсіз боп.
Сол үшін мені сыншылар
Жылдап соғып, құтқармайды сойылдан;
Түспей жүрген қарызым көп мойыннан.
*∙*∙*
Дегеннен сон «өсу керек!»
Алам ба деп ақыл - көмек,
Москваның бір-ақ тарттым өзіне,
От қосуға, ой қосуға сөзіме.
Жақсы ақындар әзірлейтін курске
Орналастым. Кетпес ісім теріске.
Ұстазымыз: ірі ақындар,
Ұлы кеуде жазушылар, сыншылар...
Жалпы алғанда жаман емес басшылық.
Бар мініміз: уақыттағы тапшылық.
Сол себептен көп ұстаздар келе алмай,
Ынтығамыз дидарларын көре алмай.
Мезгіл қазір емес сізге дейінгі,
Қалдырғанбыз сан жылдарды кейінге.
Отан біздің байлықты әбден ақтарды,
Зор держава атандық біз мақтаулы.
Тираж өскен, Гослитиздат молыққан,
Ақындардың шаруасы да толыққан.
Кәзір олар фаэтонмен жүрмейді,
Машинасыз жер басуды білмейді.
Кәзір олар тұра алмайды қалада,
Дағдыланған ормандағы ауаға.
Дачалары қос қабаттан,
Балкондары күнгей жақтан,
Соның бәрін қонарлықтай көңілге
Толтырғанша жаңа стильді мебельге;
Болғанша әбден жинап бәрін асылдың,
Сіңбіруге мұршасы жоқ ақынның.
Ол аз болса тағы да бар жұмыстар:
Газондарды күтіп бағу,
Арам өскен шөбін шабу,
Жем әзірлеу тауық пенен шошқаға
Тигізбейді қолын жұрттың басқаға...
Қара теңіз жағасында дем алып
Қайтқаннан соң оралып:
Қаралу бар дәрігерге,
(Түсіретін әбігерге)
Басына қан шаппас үшін,
Жүрегі жиі қақпас үшін
Аз ойлайды, аз жазады.
Сонымен уақыт тағы озады.
* * *
Сан қобалжу, уақыт та жоқ тыныстар,
Күн батқан соң шығармалық жұмыс
Қалмас үшін өмірден тым алыстай,
Көру керек ақынға да қалыспай.
Сол үшін ол кейде жаны төзе алмай
Teлевизорға үкіледі көз алмай,
Стадион. Жүз мың адам кемінде.
(Кім қызықпас қызық футбол көруге!)
Синявский эфирді өзі билейді,
Машықтанған ерніне ерні тимейді.
Баяндайды ол - ойыншыны,
Баяндайды ол - көрушіні.
Ақын сонда танысады бәрімен,
Қанатты жыр құйылады әнімен.
Телевизор шарықтатып көңілді
Көз алдыңа әкеледі өмірді:
Әнеки «ЗИС» - тің инженер!
Маңдайынан ағын тері
Соқты қолын, соқты қатты,
«Торпеда» бұрын есеп ашты.
Тепловоздың машинисі сұрланып;
Бір суынып, бір жанып
Отыр, міне жан секілді байлаулы.
«Локомотив» ұтылуға айналды.
Ал генерал сасар емес, көңілді.
Өйткені оның командасы сенімді.
Ойнайды ертең. Алда қанша уақыт бар.
Оған дейін қиналмайды генерал.
Осының бәрін көреді ақын көзімен,
Суреттейді жалынды, жанды сөзімен...
Шешілмеген мәселе әлі жетерлік,
Соның бір көңілді алаң етерлік:
Ақындардың орнын беру,
Рангасы мен формын бөлу
Қиындыққа кездестіріп күн сайын,
Дискуссияға айналады жыл сайын.
Сен бөлексің, тұрсың бірінші орында,
Қызыл Паспорт баяғыша қолыңда.
Саған ешкім таласуға батпайды,
Жиналыс сайын жарыса бәрі мақтайды.
Екінші кім? Кімді атаймыз дегенде,
Кездесеміз жылда бір зор бөгеуге.
«Менмін?» десең өзгелер мазақ етеді,
«Сенсің!» десең сыбағаң оңай кетеді.
Қандай ауыр біреуін айту осының!
Ойландым да ішімнен біраз шошыдым.
Жолдас Маяковский!
Өлмеу керек еді саған!
Көп еді жырын айтылмаған,
Көп еді күйін тартылмаған.
Көрсетер ең өлмегенде
Не екенін тірліктің,
Жолдастықтың, бірліктің,
Жүрегіңді көтеріп биік туындай,
Жарықтай жаның жалын атып суынбай,
Біздерді үлкен құшағына алар ең,
Ағамыздай, әкеміздей болар ең!
Түкірер ең ақша жинар сандыққа,
Түкірер ең паңдықтар мен салдыққа!
Бастап өзің бізді адамша,
Баяғыша, жас шағыңша,
Москваны жаяу кезіп жүрер ек,
Басқаларша сөйлесер ек, күлер ек.
Светофор жағын дереу кек шамын,
Кілт кідіртіп машиналар топанын
Ашар еді жолыңды кең,
Өтер едің өлеңіңмен.
Миллион көздер сүйер еді ақынын,
Ең мақтаулы, ең қымбатты жақынын.
Аралатып заводтарды, цехтарды,
Жалаңаш қолмен өзің күреп оттарды
Үйретер ең бізге де жалын кешуді,
Теміршімен темірдей берік өсуді,
Станоктар қасында өлең оқуды,
Өлеңді шебер тоқушыдай тоқуды.
Жолдас Маиковский!
Біздің ғасыр - атомдық ғасыр атанды.
Атом тағы құдіреттендірді Отанды.
Уақыттағы бейқамдықты жоғалтып,
Әр минутте ғасырлық істер тындырып
Планетаны жаңартуға әзірміз,
Ең қайрымды мемлекетпіз кәзір біз.
Бомба жасап атомнан,
Ұранын соғыс шақырған –
Империализм шабынады алыстан
Халықтарға - соғысқа қарсы алысқан.
«Байқа!» - дейміз біз оларға есірген, -
− Біздің бомба күштірек,
Шықпасын о да есіңнен!
Владимир Владимирович!
Өлмеу керек еді саған,
Көгі еді күйің тартылмаған.
Өлмесең сен, тірі болсаң не етер ең?
Поэзия туын биік көтере,
Жарып сөздің атомдарын дамылсыз,
Жылытып талай ақындарды жалынсыз,
Барлық еңбек адамының жүрегін
Толтырар ең жаңа жырға, білемін.
Тоғышарлар, нан соғарлар,
Жалған жандар, арсыз қарлар
Керіне алмай жұрт көзіне жарықта,
Жанар еді сен жасаған тамұқта!

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аралдар

  • 0
  • 0

Лапылдап барып өшті күн,
Таусылған тұсы еді айдың да.
Қоңырта келіп қонды түн
Жарқырап жатқан айдынға.

Толық

Осы бір қарт

  • 0
  • 0

Осы бір қарт ұнайды тіпті маған,
Дүр секілді кәдімгі жұрт аңсаған.
Тарта берер түрі бар тарланымның,
Күні қашан жеткенше күрт қаусаған.

Толық

Басшы туралы

  • 0
  • 0

Бір басшы бар өз ойын баяндаған,
Жалғыз сөзі жалтырап боялмаған.
Алдына әкеп ақ сырын ақтарады,
Жан қалмайды сезімі оянбаған.

Толық

Қарап көріңіз