Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім

  • 30.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4301
Білім және ғылымның әр саласын,
Тек АӘИУ-дан табасың, тамсанасың.
Үйәретуден талмаған қанаттары,
АӘИУ-дің ұстаздары мың жасасын.
Арман қойып алдыңа мақсатпенен,
Болу керек тым биік мақсат деген.
АӘИУ саған көп мүмкіндік беріп отыр,
Талаптансаң жетерсің жақсы атпенен.
Алға сүйреп көшімнің бастап басын,
Атағың дүйім жұртқа асқақтасын.
Ел бастайтын алыптар шығары анық,
Ел басым ашып берсе бас қақпасын.
Бізде де бар МИЛЛИОН жайдарманы,
Ел көргенде әзіліне таңданады.
АӘИУ атын осылай жарқын еткен.
Рахмет Миллионның майталманы.
Бағындыру оңай емес биікті,
Білім әркез жоғарыны сүйіпті
Мен өзіңмен үнемі мақтанамын
Маған АӘИУ сүйіктіден сүйікті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылым

  • 0
  • 0

Ауыл жайлы жазалмай көптен өлең,
Білмеймін неге екенін, көп бөгелем.
Сол ауылдың суын ішіп, шаңын жұтып,
Көгеріп көппен бірге көктеген ем.

Толық

Қарап көріңіз