Өлең, жыр, ақындар

Дәрігер

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1
  • 8451
(София Даулетоваға)

Қас-қабағын бағып ұдай науқастың,
Ағаруы тегін бе еді тал шаштың.
Қарсы тұрып ажал дейтін дүлейге,
Денсаулықтың майданында шайқастың.
Демейсің–ау, шаршасаң да шаршадым,
Бір басында жүрер сенің қанша мұң.
Жүрегіңнің бар жылуын жеткізіп,
Тұрғандай–ақ дірілдейді саусағың.
Ажарында нұр ойнайды жараса,
Науқастардың беті бермен қараса.
Ауыр ойдан айыға алмай жүргенің
Адам үшін ұзақ өмір, араша.
* * *
Бар ма хақы ауыруға ақынның,
Жас жүрекке тырнағыңды батырдың.
Тағы да бір ұзақ күңді оздырып,
Тағы да бір ұзақ таңды атырдым.
Бар ма хақы ауыруға ақынның,
Жолын тостым жан сергітер жақынның,
Жалғыз күнің татитындай бір жылға,
Алуан ойдың тұтқынында жатырмын.
Бар ма хақы ауыруға ақынның,
Шіркін тағдыр тағы мұңға батырдың,
Шіркін үміт тағы қайда шақырдың,
Жүрек қысып, қозғала алмай жатырмын.



Пікірлер (1)

Марина

Супер

Пікір қалдырыңыз

Лағыл жүзік

  • 0
  • 0

Алыстан баурап-тартып,
Бағындырып,
Сағымға оранады,
Сағындырып.

Толық

Біз екеуміз

  • 0
  • 0

Отты көздің жанарынан аумаған,
Егіз қайың сияқты едік екеуміз.
Ақжал толқын сияқтанып аунаған,
Жетелесіп бірге өскен екенбіз.

Толық

Көрдім мен

  • 0
  • 0

Көрдім мен, қара көздің от шашқанын,
Құлатқанын кеудеме отты аспанын.
Көрдім міне, жарқылдаған асыл кездік,
Жерде жатып қарайып тот басқанын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар