Өлең, жыр, ақындар

Көңілде көп қой

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1250
Көңілде көп қой ой да, алаңым да,
Өзіндік әуен жатыр әр ағында.
Жасың емес өртеген өзегіңді,
Жанайын ұшқын болып жанарында.
Қалайын ажарында әрің болып,
Қалмайын шертілмес зарың болып,
Қалайын жылдар сенің толқынында
Кеудеде арман атты көл тұнуда.
Тайпалған қара жолда жорғадайын,
Төгілейін әнің боп, сорғалайын.
Толқиын, толықсиын тотыдайын
Тоқтамай, толастамай толғанайын.
Саяңда сайғағың боп көсілейін,
Самалың боп керімсал есілейін.
Сен болсаң сыр сандығым, ей, дүние,
Өзіңе сыр ақтарып шешілейін.
Маңдайға біткен титтей мең болайын,
Тасыған, тасқындаған сең болайын,
Шалқалап жатқан шалқар айдыныңа,
Аққу боп тұнығыңа мен қонайын.
Асықпа, абдырама, саспа, жаным,
Бастасын әсем дүние асқақ әнін.
Сілтейін, сімірейін шөлім қанып,
Толтырсын кәусарына тостағанын.
Семсердейін жарқылдап қараңғыда,
Сергітейін салды да, сараңды да.
Лестірейін қасыма нөкер етіп,
Қайда әлгі сұлу дүние, таранды ма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өткел ме едің

  • 0
  • 0

Өмірден болмаса да көп көргенім,
Қаншама қиындықты өткермедім.
Құлап түссе тауды да көтеретін,
Жүрегім, қырық жамау өткел ме едің,

Толық

Гиссар түні

  • 0
  • 0

Гиссар тұр түн жамылып,
Маңғазданып,
(Жиналмас күнде осынау маңға аз халық).
Күмбірлеп көне қорған күй төккендей,

Толық

Құс келгенде

  • 0
  • 0

О, достарым,
Құста қандай айып бар,
Қайтқан құсқа құшағыңды жайып қал.
Әлем — теңіз,

Толық

Қарап көріңіз