Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімді айықпас

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1170
Өтіпті тағы да бір тынышсыз күн,
Аспанын аяққа сап үмітсіздің.
Өлеңнің өрнегіне үңілемін,
Айта алмаймын деп тіптен жұмыссызбын.
Өтіпті тағы да бір аяулы күн,
Арқалап бір бейбақтың қаяу мұңын.
"Бақыттыны" мен әсте күндемеймін,
бақытсызға бір табан таяу жүрмін.
Аттанды тағы бір күн өрмен қарап,
Жолына аяулымдай қалғам қарап.
Кей күнім өтіп жатыр алауланып
Жүрегімді айықпас арманға орап.
Күндер өтер бірақ та санамаймын,
Бергені мен алғанын саралаймын.
Жоқ жерден қиянатқа жаным күйіп
Жүрегімді абайсыз жаралаймын.
* * *
Самал есті ызғырық,
Аспанның түсі бұзылып,
Қанатын нұрға жүздіріп,
Тырналар ұшты тізіліп.
Төбемнен өтті зуылдап,
Екпінді әні еңсеріп.
Жапырақтар қалды шуылдап,
Ақ қайың үнсіз теңселіп.
Өткенде олар қиқулап,
Бір жылым тағы озғандай,
Кеткендей мені сиқырлап,
Орнымда тұрмын қозғалмай.
Ей, жас күндер дәурені,
Қарайсың қайда елеңдеп.
Ұзаған құстар үндері,
Құйылады өлең боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйінші

  • 0
  • 0

Ұлы Отанның аралап қиыр шегін,
Көкірегінде лапылдап сүю, сенім,
Келе жатыр көктемің жарқын күліп,
Сүйінші бер,

Толық

Асау арна

  • 0
  • 0

Сезімнің өзі де бір асау арна,
Жатпайды ол тығылып тасаларда.
Келер ол көктем болып,
Күй бөктеріп,

Толық

Жалын

  • 0
  • 0

Көңіл — перне абайсыз басып қалып,
Толастады дауыл-күй,
Тасып барып.
Есіліп тұрсыншы бір сол нәзік ән,

Толық

Қарап көріңіз