Өлең, жыр, ақындар

Тірілер келеді

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 820
Боташым келеді сағынып,
Достарым келеді сабылып,
Келеді күніне қаншасы
Көп сырын көзінен жан ұғып.
Көршілер келеді біріндеп,
Ақындар келеді дүрілдеп,
Хат жазды алыста ағайын,
Жұмыс көп, жете алмай жүрмін деп.
Келеді жеңгелер желөкпе,
Беттері уылжып жел өпсе.
"Тақтағы" таныстар келмейді,
Артпаймын оларға мен өкпе.
Аналар келеді айналып,
Әжімнің ізінде ой қалып,
Келе алмай жүр бірақ қалаға
Ақ көңіл адал дос қой бағып.
Кей-кезде құлазып жабығып,
Сағыныш ұшады ағылып,
Тірілер келеді-ау әйтеуір
Көкешім кешікті неғылып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жердің бұлағы

  • 0
  • 1

Толқыны асыр салған бағы қырда,
Керемет бұлқыныс бар ағынында.
Соқтырған жүрегімді қанымдайсың,
Тулаған алпыс екі тамырымда.

Толық

Қара ормандар!

  • 0
  • 0

Қара ормандар, қағар тынбай кірпігін,
Мақамына мүлгігендей жыршының.
Қайда барсаң қарсы алатын нан-тұзбен,
Жаны қандай жайсаң еді жұртының.

Толық

Армысың, ақындардың бас қаласы!

  • 0
  • 0

Ешкімнің жоқ өзіңмен бәс-таласы,
Арнасы,
Аңыздардың бастамасы,
Тұратын күмбездері көкті тіреп,

Толық

Қарап көріңіз