Өлең, жыр, ақындар

Әншінің үйіндегі ой

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1239
Көп қой, шіркін, өмірде сый түрлері,
Дауысың қандай нәзік сыйқырлы еді.
Жатыр ма еді ішіңде шер мен нала
Япыр-ай, жай жымиған сыртың ба еді.
Әнменен жеткізгендей жүрек сырын,
Неліктен құлазыды жүдеп түрің.
Ән салсаң құбылады ажарың да
Арқанда тарқатылып жібек бұрым.
Бабына келтіргенде "Алқоңырды",
Ән баурап бір өзіне алды өңірді.
Әнмен тербетесің, жұбатасың,
Пернесі дәл басқандай қамкөңілді.
Қайдағы зарлы әніңмен жылатасың,
Артынша еркелете жұбатасың.
Ән үшін туған жансың арманың жоқ,
Өнердің танымаған кім атасын.
Самал ескен қашан да дауысыңнан,
Сен бір жансың арылмас жаны сырдан.
Сен дағы мөлдір бұлақ сияқтысың,
Сыңғырап құлап жатқан тағы шыңнан.
Шырқайсың, сызылтасың, сыңғырлайсың,
Көңіл домбыра, құлағын мың бұрайсың.
Сайраған ыстық күнде шырқау көкте
Көзіме бұлбұлдайын бұлдырайсың.
Егілте айтқанында "Әупілдекті",
Басына "Көктұманның" даусың жетті!
Гүлдариға" немесе "Алтайыңмен",
Үйіресің тыңдаушы, даусыз, көпті.
Бабымен "Назқоңырды" аңыраттың,
Сексенкөлді тағы бір жамыраттың.
Оқжетпестің шоқысын жалт қаратып,
Кербез-Көкше қабағын жадыраттың.
Сен қашан ән айтудан толастадың,
Әнге бөлеп қазақтың кең аспанын.
Жақсы ән үшін аз ба екен жанын қиған,
Мен сенің дарыныңа таласпадым.
Бұл өмірде сен әнсіз жетімдейсің,
Сен онсыз құлаш сермеп, көсілмейсің.
Әнді сүйген жүрегім табынады,
Артық кетсем, бұлбұлым, кешіргейсің.
* * *
Кейбіреуді жаратыпты жасық қып,
Кейбіреуді жаратыпты пасық қып.
Кейбіреуді жаратыпты япыр-ай,
Сұлулықтың барлығына ғашық қып.
Есеюге тым ертерек асықтық,
Тау бұлағын кеудемізде тасыттық.
Содан қалып қойса керек мінезде,
Тау гүліңдей ашықтық.
Іздегенім жанға лайық жарасым,
Аңсағаным қыран шалмас дара шың.
Бір өзіңе ерік берем жастығым,
Көп болған соң менен сенің аласың.
Қара тасты семсердейін тілсең де,
Күш-қуатым, еркіндігім бір сенде.
Шынайылық — мендегі бар болғаны,
Жыласам да, бар даусыммен күлсем де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бабаларым

  • 0
  • 0

Бұл бабам су кешіпті, от кешіпті,
Бір өзі қиындықпен беттесіпті.
Қайсарлығын содан-ақ көрмейсің бе,
Денесінен қылыш пенен ет кесіпті.

Толық

Сәмиға

  • 0
  • 0

Нәзік даусы күмістей сыңғырлаған,
Іс бар ма, осы анамыз тындырмаған.
Жүрегі арман толы асыл адам,
Туған ел бақшасында жыр жырлаған.

Толық

Әлдилейді толқындар

  • 0
  • 0

Ертісті бойлап төмен жүзіп келем,
Балықшы отыр қармағын сүзіп терең.
Қайығыма жармасып қалып жатыр,
Осынау толқын сырын қызық көрем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар