Өлең, жыр, ақындар

Яссауи мазарындағы ой

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2179
Зар заман төгіп көзден бұршақтарын,
Кеудемде шағып кетті жыр шақпағын.
Тас қабырға, зәулім үй, бабам жайлы
Ақынға айтшы нендей сыр сақтадың.
Толғанып тұрмын сені көріп бүгін,
Төбемде төңкеріліп көрікті күн.
Жүздеген жылдар сусып өтсе — дағы,
Аңғарттың қабырғаңның беріктігін.
Білмеймін кім салғанын өрнектерін,
Маңдайдан төгіп тұрып кермек терін.
Білмеймін сол бір сәтте Ақсақ Темір,
Көңілін қандай сезім тербеткенін.
Өзіндей ұлылығын асырған кім,
Өзіңе туған жұттың бас ұрған мың.
Ұрпағыңнан көздегі жасынды да,
Қуанышты да әрқашан жасырмадың.
Жатыр ма "аруағы" асылдардың,
Күмбезіңе сырға боп асылған күн.
Өсірген туған жердің мәртебесін,
Сен биік ескерткіші ғасырлардың.
* * *
Бұл жердің аты сірә Бабайқорған,
Бұл ауылға жақсылар жанай қонған.
Ауыл үсті желектей құлпырады,
Кетпейді бір сүйсінбей қарай қалған.
Қыздары тал шыбықтай өрімделген,
Жігіттері марқасқа керім келген.
Алыстан бала келсе алты жаста,
Қой сойып, ақ отаудың төрін берген
Көрдім мен осы ауылдан жақсы атаны,
Желкілдеген күмістей ақ сақалы.
Дәл солардың пейіліне ұқсатамын,
Арайлап Түркістанның атса таңы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлбахор

  • 0
  • 0

Жаны нәзік,
Үлбірек мақтасындай,
Сазы нәзік
Айтатын жатқа тынбай,

Толық

Жандардың ұға бермес кез келгені

  • 0
  • 0

Жырла деп,
Жүрегімді сөз кернеді.
Оның да айтары бар,
Айтпасы бар,

Толық

Қайта жанып

  • 0
  • 0

Арманның жұлдызы қайта жанып,
Сырлар құйып сыбырлап айтады анық.
Ұмыт болған ойнақты от мінез-ай,
Тұғырына қоныпты қайта айналып.

Толық

Қарап көріңіз