Өлең, жыр, ақындар

Құлақ пен тымақ

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4456
— Ау тымақпысың?
— Тымақпын.
— Сен кімсің?
— Құлақпын.
Тымақ құлаққа қарады,
Құлақ тымаққа қарады.
Ақырында тымақ,
Құлақтан сұрады:
— Көптен бері жырақ кеттің,
Бүгін мені сұрап кепсің, —
Деп еді тымақ,
Сөйлеп кетті құлақ:
— Оның рас, тымақ,
Қатты кеттім тымақ,
Қайта-қайта мінеп,
Қайта-қайта сынап,
Төбеңді жалпақ дедім,
Етегіңді салпақ дедім.
Сыртыңды сырмақ,
Ішіңді түлкі дедім,
Тұрған бойы күлкі дедім,
Бақсам жаңылыппын,
Жылылықтан қағылыппын. —
Деп еді құлақ,
Тыңдап тұрған тымақ:
— Жаз емес, суықтың
Ортасынан туыппын,
Шалғайым иығыңды,
Өзірім миығымды,
Етегім мойныңды орасын,
Сонда тоңбайтын боласың.
Тымақтың өмір сүруі,
Кетпей тұруы,
Әкемнің айтуынша:
"Сұлуынан — жылуы ", —
Деп еді тымақ,
Шап етті де құлақ,
Тымақты киіп алды,
Қалпағын жұмарлап
Сандығына салды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баяндамашы, оның баяндамасы

  • 0
  • 0

Баяндамашы Ызық болды,
Баяндамасы қызық болды.
Өйткені ол бір кеңсеге бастық қой,
Біреуі жамылғы, біреуі жастық қой,

Толық

Танаубай мен Балаубай

  • 0
  • 0

Біреу мал, біреу бал жесе,
Біреу қазы мен қарта, жал жесе,
Біздің Танаубай минут жейді.
Балаубай оны былай суреттейді:

Толық

Өткенін өксіген адвокат

  • 0
  • 0

Ақаң байғұс қартайып қалыпты,
Тірсегі майысып талтайып қалыпты.
Бұрынғы сұлу құрықтай мойын,
Сүмбідей түзу, шыбықтай бойын

Толық

Қарап көріңіз