Өлең, жыр, ақындар

Шындық сыры

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1984
70 жасқа толған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтық лауреаты, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовқа

Ақиқат пен және де аңызды да,
Хақың бар ед сен ғана жазуыңа.
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Адамдар жан сырының азығына.
Мен сені оқ астында өртте көрдім,
Адам әмірін доп еткен дертте кердім.
Қоңыр өнді, биязы үн, шағын дене,
Жас сержант ең, «Аға!» — деп сәлем бердің.
«Өткен еске түскенде» — ең шындық сыр,
Қайтіп ұмыт бола алар «шығынды» жыл?
Шүкірлік! Соғыстан соң елімізде —
Өмірде,өрнектерде шығымды жыл!
Жас ақын ең қаламың жас найзадай,
Өлең-жырың дұшпанға қас найзағай.
Қанды қол қарғыс жаумен шайқастарда
Жүрдің-ау бой көтеріп, қас қаға алмай.
Қан майдан—қас-қағым шақ тағдыр шешкен,
Майдангер шығара алар қайтіп естен?
Шайқастан аман қалған секунд, минут
Ғасырдай болушы еді-ау,бақыт кешкен...
Арзанға түспеген ед бізге тірлік,
«Өлтірмесең—өлесің» — заңды білдік.
Жалаңаш кеудені оққа қарсы төсеп,
Отан үшін мың өліп, мың тірілдік.
Сондағы қан майдандас жан жолдасың, —
Бүгінде махаббатың Қалимашың —
Бапкерің, ақ ордаңа алтын бақан,
Илаһи тіл менен сұқ дарымасын.
Тәлімді талант, тәлімді зиялысың,
Жамандыққа ешкімді қимайды ішің.
Оқырманың риза олқылықсыз, —
Өшкендерге мол өмір берген үшін!
Ақиқат пен және де аңызды да
Қақың бар ед сен ғана жазуыңа!
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Тарихтың жан сырының азығына.
«Алыстағы ауданнан» өрнек тартып,
Бастап ең талаптыңа көп жүк артып.
Шаршамай да шалдықпай есен-сау боп,
Жасай бер, Әзілханым, жыр боп шалқып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зейінмен әңгіме

  • 0
  • 0

Мен:
— Тілеуші ем Саулығыңды, тірлігіңді,
Балаушы ем Бір ғасырға бір күніңді
Тым ерте

Толық

Қалдыбай Бектаев ғалымға

  • 0
  • 0

Сонау түпсіз жылдарда
Топан суы қаптаған,
Қазығұрттың тауына
Нұқ кемесі тоқтаған,

Толық

Толғану-монолог

  • 0
  • 0

Жігіттер-ай!
Қайран батыр достар-ай!
Менімен қан майданда
Бірге болған айларда,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар