Өлең, жыр, ақындар

Шүкір

Таң аттырдың, көзім ашық, тыныс алам.
Шүкір етем бүгінгі күніме Алла!
Отан тыныш, бауыр бүтін, туыс аман,
Сол үшін де бақыттымын, онымды алма.

Құлақ естіп, көз көреді, тіл сөйлейді.
Қол-аяғым қимылдайды, күш-жаны бар.
Денім сау, ол қуанышқа бір бөлейді,
Ата-анамды қыса аламын құшағыма.

Шүкір қолда барыма да, қолда жоққа,
Ыстық ұя, бас тигізер мамық жастық.
Өкінішті...біреулерде ол да жоқ та,
Жүр ғой байлар дүниесін шашып тастап.

Шүкір ашық аспаныма, ас-наныма
Достарым бар жанымда, мен - жалғыз емен.
Назар салғын бақыт сырын ашқаныма -
"Барын үшін - Тәңіріне алғыс екен!"

Өткеніме өкінбеймін, тәубе қылам,
Өткен өшті, тек ертеңге жеткізе гөр.
Қуып пәле-жамандықты аулағынан
Шүкір етсең шын, жәннәтқа жеткізеді ол.

Көңілі толмай, мұңың шалып бұл өмірге,
Бұйырғанды бағаламайтындар онбас.
Дүние бос, бірде бар да, жоқ ол бірде.
Не де болса, "шүкіршілік" болсын жолдас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер