Өлең, жыр, ақындар

Тұрмағамбет пен Әбдікәрім

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1129
Әбдікәрім Оңалбаевтың Қосым, Түспембет дейтін кісілердің ауылында бала оқытып жүргенде сол ауылға қыдырып барған Тұрмағамбет Ізтілеуұлына жазған өлеңі:

Әбдікәрім:
Алашқа атың шыққан ақын едің,
Шәрбатын әр ғылымның татып едің.
Жар-жолдас жасыңызда және де ертпей,
Бәйгіге бағасы мол батып едің.
Тәліптер тағлым оқып алатұғын,
Көне сөз көп жазылған кәтіп едің.
Беріңіз бізге жазып бір насихат,
Ей, ерім, сахауатты сахип едің.
Тұрмағамбет:
Білгірдің байтаққа бас баласысың,
Өзің де қатарыңның данасысың.
Әр түрлі түркі де бар дүкенінде,
Көтерме қалай бізден аласысың?
Үйреткен өнегені Кіші жүзге,
Және де Қосымханға қарашысың.
Базарын балалықтың араласаң,
Қойнына қыз-келіншек барашысың.
Бұл ісің жұртқа жайылып кеткенменен:
"Ақиқат, аманмын" деп танашысың.
Әбдікәрім:
Ол рас, болды атамыз байтаққа бас,
Халыққа аты мағлұм, сөздері — паш.
Дұшпандар жүзі шыдап тұрмайды екен,
Бейне бір әпсанасы атқандай тас.
О, тарих, ондай ерден арманда боп,
Қалыппыз үлгі ала ал май қалайда жас.
Даналық бізге қайда, данышпаным?
Келемеж бұл сөзіңіз, кәмбіл сарас.
"Хан Қосым қарашысы" депсіз және,
Қай уақыт халық биледі ол жайып палас!
"Әл ғайбат әш-әлду міна — зіна" деген,
Шығуға бұл сөзіңіз, емес жалас.
Тұрмағамбет:
Жігіттік әркімнің де алады еркін,
Сонан соң қыз-қырқынға тиер елкің.
Сопысып, сонша неге шегінесің?
Көңіліңнің байқадық қой, босаң, беркін.
Онан да сүйгеніңмен ойнап-күліп,
"Айқай!" деп, төбе үстіне барып желпін!

1925



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қолдауға

  • 0
  • 0

Отырмыз ұшырасып інім Қолдау,
Баласың байқауымда зейілің молдау.
Жаның сау, жағаң бүтін болып тұрса,
Қолыңнан келер көптің ісін оңдау.

Толық

Данышпан қарт

  • 0
  • 0

Ажалдан адамизат қалмайды cay,
Қайраты — еш, қаза жетсе, құлатқан тау.
Санаулы бітіп сүрік сарқылған соң,
Етерсің өрт кездескен қамыстай лау.

Толық

Дәруіш хикаясы

  • 0
  • 0

Кидіріп бір кедейге бейбәһә тон,
Сұлтаны Шам Шәриптің беріп ет шен.
Соны да тыңдасаңдар сөз қыламын,
Дертіне қасталардың болғандай ем.

Толық

Қарап көріңіз