Өлең, жыр, ақындар

Бағдаршам

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4245
Үш көзді дәу – қырағы
Жолторапта тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін! Жасқанба!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қош келдің, жаңа күн!

  • 0
  • 1

Сәні боп даламның,
Әні боп ғаламның,
Қарттың да, баланың,
Тойы боп ананың.

Толық

Жарыссөз

  • 0
  • 0

Зор қоғамның, не беделді Кеңестің,
Төрағасы емеспін.
Олай-былай барған кезде, әрине,
Мәшинемен алып жүрмес мені ешкім.

Толық

Жұлдыз

  • 0
  • 1

Жұлдыздың көк тұрағы,
Түнде жайнап тұрады.
Өйткені ол – көрікті
Көк аспанның шырағы.

Толық

Қарап көріңіз