Өлең, жыр, ақындар

Барып келді ауылға

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1459
Бәйшешектей бүр жарған,
Көңілінде нұрлы арман.
Жүрген Абыл ауылды
Көріп теледидардан.

«Ағып тұр ғой құбырда,
Ыстық, суық суың да.
Әуреленеді от жағып,
Дайын тұр ғой жылу да, -

Отыратын есінеп, -
Су тасиды, несі?» - деп.
Таңданыпты бекерге,
Ұқты бәрін кешірек.

Абыл - бала қалалық
Ашты өзіне жаңалық.
Бірер күнге ауылға
Қайтқаннан соң демалып.

Тұрар бәрі күлімдеп,
«Кеп қалыпсың, інім!» - деп.
Егін егіп, мал баққан
Ауылда сол тыным жоқ.

Дәстүрің де, салтың да
Сақталған пәк қалпында.
Шежіреңді шертетін
Аталар бар нар тұлға.

Неше түрлі сый көрді,
Тай мінуді үйренді.
Ауыл азық өндіріп,
Асырайды күллі елді.

Ет те неткен көп еді,
Жылы-жұмсақ жегені.
«Мына бала» - деген жоқ,
«Құда бала» - деді оны.

Тамашалап өнерін,
Дос та тапты не керім.
Тұнып тұрған қазына
Екен ауыл дегенің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кілемді неге сабайды?

  • 0
  • 0

Дұрыс па өзі мұнысы,
Жақпады ма бір ісі?
Сабап жатыр кілемді,
Тарылады тынысы.

Толық

Кітаптарым, қайдасың?

  • 0
  • 0

- Ол кім? Бұл не? Анау не?
Сұрауменен ол әуре.
Жауап таппай ініме
Қиналамын, амал не?!

Толық

Намыс

  • 0
  • 0

Намысыңды кірлетпе,
Дақ түспесін арыңа.
Үлгілі боп жүр көпке,
Жігеріңді жаны да.

Толық

Қарап көріңіз