Өлең, жыр, ақындар

Көшеде

  • 19.04.2015
  • 2
  • 13
  • 29765
Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!
Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың!?
Қор болмассың, құлыны текті Ананың,
Жолын алсаң, өзіңдей текті ағаның!...



Пікірлер (13)

Мурат

Қария асыл дария

Оте керемет ары магыналы олендер

Осындай олендер коп болса гой

жаркынай

өте керемет өлеңдер тамаша

Аружан

Өте әсерлі өлеңдер

Актолкын

М. Макатаевтын олендери маган унаиды

Аделя

Өте керемет өлең , əрі мағынасы зор

Жақсы жазылған.

Өте күшті.

Сауле

Тамсана оқимыз

ЗАНГАР

оте жаксы

Раяна

Керемет

Әбіләз

Керемет өлең.

Мұхтар.

Тамаша мың жылда бір келеді мұндай ақын!!!

Мұхтар.

Тамаша ,керемет айтуға сөз жетпейді.

Пікір қалдырыңыз

Көлің қайда, туған елім?

  • 1
  • 6

Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.

Толық

Таудағы нөсер

  • 1
  • 4

Алыста,
Сонау аспанда,
Атыстар, сірә, басталды.
Жай түсіп жатыр тастарға,

Толық

Қазынам бар

  • 1
  • 5

Қазынам бар.
Біреуге берсем бе екен?!
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен.

Толық

Қарап көріңіз