Өлең, жыр, ақындар

Жігіт болдым

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1241
Тентектігім тыйылды,
Бүлдірмеймін бұйымды.
Әпкем маған үйретті
Төсек-орын жиюды.

Дейді маған: «Ерінбе,
Жаман болып көрінбе!»
Оқушы боп үлгілі,
Ие болдым сенімге.

Айтып ертек, тақпақты,
Қайталатып, жаттатты.
Деп қояды әжем де:
«Адам бола бастапты».

Әбес кетсем ұрсады,
Дүкенге де жұмсады.
Әпкем жақсы көреді
Балаларды ынталы.

Алып келге жарадым,
Барып келге жарадым.
Әжем мақтай бастаса
Делдиеді танауым.

Риза боп неше жұрт,
Қалдың дейді есейіп.
Шашылғанды жинаймын,
Жердегіні көтеріп.

Ағалықтың бұл алды,
Еркелікті іні алды.
Ақыл айтпақ болып ем,
Маған тілін шығарды.

Жетелейді алға күн,
Тауысылмайды арманым.
Жеті жасқа толғаным –
Ептеп жігіт болғаным.

Жуысамын еденді,
Шәкірт болдым мен енді.
Мектепке егер бармасам –
Көрсетер ем «өнерді».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің туым

  • 0
  • 1

Желбіреген көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егемен ел боп бүгін.

Толық

Тиым

  • 0
  • 0

Түйіп алғын зердеңе,
Ұмытпағын ол жайлы.
Ұйықтайтұғын бөлмеде
Шуылдауға болмайды.

Толық

Атам айтады

  • 0
  • 1

Қиындық көп өмірде,
Үйір болма жеңілге.
Қиындықтан қашпаған
Болады ертең жақсы адам.

Толық

Қарап көріңіз