Өлең, жыр, ақындар

Мен - донормын

  • 19.04.2015
  • 2
  • 3
  • 29815
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да кәріңе!
Кімге қан керек?
Ішуге емес, дәріге...
Мен - донормын.
Шипа болар қаным бар.
Қабылдаңдар,алындар.
Менің жылы қанымның
Қасиетін таныңдар.
Жоқ!
Ақшаға сатпаймын!
Аурулар алдында,
Борышымды ақтаймын.
Өмір беріп өзгеге,
Өмірімді сақтаймын!
Мен - донормын.
Таза қан.
Сақ боласыз жазадан,
Сақ боласыз мазадан,
Қабылдаңыз?!
Көп берем де, аз алам,
Сіздегі сансыз түтікпен
Менің қаным өтеді,
Маған сол да жетеді!
Сіздегі жылы жүректе
Менің қаным соғады.
Маған сол да болады!
Сіздің мидың, біздің қан
Болып жатса қорегі.
Басқаның не керегі?!
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да, кәріңе!
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Ішуге емес!
Дәріге!..



Пікірлер (3)

малика

Керемет өлеңдер жанды тебірентіп жүректі тербейді Мұқағали атамыз нағыз ақын екен

Нурика

Керемет өлең .

Назарбай

Мұқағали Мақатаев - Мен - донормын - ұнады

Пікір қалдырыңыз

Шеше, сен бақыттысың

  • 5
  • 132

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Толық

Ұям менің

  • 1
  • 3

Біздің үй болатұғын осы арада,
Жататын бұлақ ағып босағада.
Орны да өшейін деп қалыпты ғой,
Өтіпті көп уақыт...

Толық

Соқ, барабан!

  • 0
  • 1

Соқ, барабан!
Кернейлет, керней, кернейлет!
Терезе, есік,
барлығына ен,

Толық

Қарап көріңіз