Өлең, жыр, ақындар

Менің анкетам

  • 19.04.2015
  • 2
  • 12
  • 71439
— Туған жерің?
— Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
— Туған жылың?
— 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
— Жынысың кім?
— Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін...
— Партияда барсын, ба?
— Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
— Шыққан тегің?
— Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
— Білімің ше?
— Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
— Ана тілің?
— Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
— Қайда істедің?
— Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
— Міндеттісің бе әскерге?
— Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
— Сөгіс алып көрдің бе?
— Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
— Шетелдерде болдың ба?
— Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
— Мекен-жәйің?
— Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!



Пікірлер (12)

Наурызбек Ерманов

Менің анкетам
(Мұқағалидың ізімен)

– Аты-жөнің?
– Ерманов Наурызбек Талғат ұлымын.
– Туған жылың?
– 1990. Жылқы жылымын.
– Бойдақпысың?
– Үйленгенмін.
Қарлығаштай бар жарым,
Және де бар Рамазандай құлыным.

– Туған жерің?
– Білемісің Маңғыстауда Жыңғылдыдай селоны,
Бұрынырақ «Куйбышев» деп те атаған ел оны.
– Ұлтың қандай?
– Мен қазақпын!
Қазақ болып туғаныма қуанам!
Және өзгеге мақтан етем мен оны.

– Білімің ше?
– Бітіргенмін дарындылар мектебін.
Жоғарғы оқу орнында да білім алдым, көктедім.
– Білер тілің?
– Қазақша ғой.
Және де бар нан табарлық орысшам,
Бірақ ешбір өзге тілдің кие алмадым шекпенін.

– Істеріңді айт әуестеніп қызығар?
– Әуестік пе?!
Менде ондайдың айта берсең жүзі бар.
Кітап оқу.
Өлең жазу.
Сурет жинау.
Ән тыңдау...
Осылардан керектісін сызып ал.

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

Ерман

Наурызбек, ақын екенсің ғой

Гулзипаш

Керемет

жулдыз

міне, нағыз өнер.

динара

Мыне нагыз адемы!

Тоты

Тамаша, Наурызбек! Сөздеріңіз әдемі өрілген.

Қарлығаш Арапова

Наурызбек адемі өлең екен тамаша!

Улжалгас Агимова

өте тамаша

Айгерім

керемет

Жанна

Наурызбек алға

Нурай

Керемет

АҚЖАРҚЫН

Мұқағали Мақатаевтың Менің анкетам өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Токарьдің соңғы сөзі

  • 1
  • 2

Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен,
Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген.
Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан,
Аяңталыпты Батыста жатқан Берлиннен.

Толық

Құрмет хат

  • 1
  • 3

Советтік мына заманның
Саясында өскен адаммын.
Іргесіне ұлы қоғамның
Бір кірпіш болып қаландым.

Толық

Үміт

  • 0
  • 3

Түнек түннің ішінде,
Көз ұшында алыстан,
Әлде ой, әлде түсімде,
Тек бір сәуле танысқан.

Толық

Қарап көріңіз