Өлең, жыр, ақындар

Менің ғасырым

  • 19.04.2015
  • 1
  • 5
  • 28872
Кірпікке кір жуытпай,құндақтаған.
Мына өмір, мына дәуір қымбат маған.
Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім-ау,
Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Бұл ғасыр - менің жүрек-сағатымдай,
Тамырым бірге онымен соғатындай.
Амалсыз,абайсызда қалғып кетсем,
Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай.
Мына дәуір менікі,мына ғасыр,
Минут сайын керемет ұлан-асыр.
Мәңгілікке ғасырың бара жатса,
Бірге кетпей қалайша тұра аласың.
Тыным алмай тыңдаймын сырласымды,
Тынысын бағам...
Менен не сыр жасырды!?
...Сірә, біздің ұрпаққа қиын болар,
Мәңгілікке жөнелту бұл ғасырды...
(Біздің ұрпақ сол шақты көрер ме екен?.
Келер-кетер,ғасырлар келер-кетер.
Өзім жырлап қалайын ғасырымды,
Келер ұрпақ өзінше өлеңдетер...



Пікірлер (5)

АКС

Тамаша екен

Ақтоты Бейсеуова

Бізге енді жарыс болат осы өлеңді айтам өте керемет екен РАХМЕТ СІЗГЕ МҰҚАҒАЛИ АТА!!!

Венера

Мен алда жарысқа қатысатын едім ол жарыс мәнерлеп оқу сол жарыста осы өлеңдерден біреуін айтатын шығармын
Егерде осыны айтып орын алып жатыр сам бұйырса сіздерге РАХМЕТ!

Қуанышқызы Венера

Бізге жарыс болатын еді ол жарыс мәнерлеп оқудан егер осы өлеңдердін біреуін айтып жатып орын алсам сіздерге РАХМЕТ!

Айша

Сірә, біздің ұрпаққа қиын болар,

Пікір қалдырыңыз

Бабаларым, рақмет сендерге

  • 1
  • 8

Бабаларым,
Рақмет сендерге
Балаларым болмасын деп көр-кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Толық

Күй қаласа ғой

  • 0
  • 3

Сексенде селкілдеген Ахметті,
Ажал келіп, ақыры бақыл етті.
Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден -
Айналасы алты кез ақырет-ті.

Толық

Күн шуағым

  • 2
  • 7

Тағы да таң атады, күн шығады,
Түн келеді,
Тіршілік тыншығады.
Ауысып алма-кезек тұрсын әлі,

Толық

Қарап көріңіз