Өлең, жыр, ақындар

Көз бен көңіл

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3021
Көктемеде қандай сұлу құм-шағыл!
Қол бұлғай ма шешек атқан гүл шағың?
Кім ойлаған
Қысы суық, жазы ыстық
Құм-шағылда өседі деп мұнша гүл!
Талай-талай таң қалдырды түз мені.
Түз бояуы мүлдем бөлек күздегі.
Тамаша ғой
Туған жердің жантағы,
Теріскені,
Тобылғы мен түзгені!
Төлге берер шөбің болса қораңда,
Тынығып ал,
Тұлыбыңа оран да.
Құдірет бар
Апта бойы ашылмай
Алай-дүлей әлек салған боранда.
Ақ жамбыдай—
Айға қара арайлы —
Ай жүзінен шұғыла — нұр тарайды.
Ақ қыл жапқан қызыл шақа құйқасын
Сүйкімді деп кім ойлаған торайды!
Сары алтынның буы бар ма егінде?!
Жұлдыз қалай жымыңдайды көгінде?!
Табиғатта бәрі сұлу,
Бәрі әсем...
Барлық пәле көзің менен көңілде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барар жолда

  • 0
  • 0

Барар жолда,
Жетер жолда мақсатқа
Ие болу оңай емес жақсы атқа.
Шалды біреу, талай шалды аяқтан,

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Ойыншық еді лайық,
Шығарды Омар быт-шытын.
Осыған қатты мұңайып,
Таянып отыр шықшытын.

Толық

Тіршіліктің кәдімгі мәнісі оңбай

  • 0
  • 0

Тіршіліктің кәдімгі мәнісі оңбай,
Кейде адамның болады халы сондай:
Мен бір жаққа тартамын
Ол бір жаққа,

Толық

Қарап көріңіз