Өлең, жыр, ақындар

Явалықтар көтерілісі

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1568
Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл.
Қансырады шерлі елдің
Қаһарманы көптеген,
Еңіреген ерлерді
Баудай орып оқ деген.
Қару барда қолында
Қашан жауға көніпті ер!
Бостандықтың жолында
Жайрап жатты өліктер.
Нәсілінде монғолдың
Қайда намыс жоқ деген?
Отаршылдар дал болды
Тоқтата алмай оқпенен.
Күн екіге бөлініп,
Қақырады аспан да.
Голландия елінің
Генералы сасқанда,
Ойланды да ол тұрып,
Отаршылдың миымен.
Зеңбіректі толтырып,
Атты адамның...
Қиымен!
Мойындамас ой сана
Мұндай сұмдық бола ма?!
Сасып кетті сай-сала,
Сасып кетті көк орман!
Көңілінде қар жатқан,
Халықты кек кернеді...
Безді бірақ жан-жаққа
Яваның ерлері.
Көресіні көргенмен,
Қай кезде де ер деген
Оққа төтеп бергенмен,
...төтеп бермеген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірік туралы шындық, яки менің қалай Судырахмет атануым туралы хикая

  • 0
  • 0

Білсеңіздер, балалар,
Неге маған сенбейді!
Неге маған балалар:
«Судырақсың сен!»—дейді.

Толық

Болжам

  • 0
  • 0

Құм менен тас кірігіп,
Құрлық пайда болыпты.
Тікен мен гүл бірігіп
Тірлік пайда болыпты.

Толық

Жұмекенге

  • 0
  • 0

Өкпе айтпайсың өмірге,
Асқазанға,
Тағдыр атты өрілген таспа заңға.
Аздап-аздап ұқсайсың өзіңе-өзің,

Толық

Қарап көріңіз