Өлең, жыр, ақындар

Ашу

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2159
Кәрібайға

Әу бастан-ақ үлесіне тиген бе,
Әдемі қыз ақмақ жанды сүйгенде;
Дұрыс сөздің дұрыстығын дәлелдеп
Өткізе алмай,
Жаның әбден күйгенде;
Жүлде тимей дәл ататын мергенге,
Жанкүйерлер болған кезде шерменде;
Жаман неме төрге шығып,
Жақсылар
Есік жақта отырғанын көргенде;
Жәй қарақұс аққуыңды ілгенде,
Жыртық тұрып тесігіңе күлгенде;
Бәрін қойып,
Аяғымен қи басқан
Әдебиет храмына кіргенде,
Татып тұрып ағыл-тегіл ас дәмін,
Танисың да адамдардың астамын,
Дөңгеленген дүниені
Ашудан
Келеді бір төңкеріп-ақ тастағың!
Ағайынға ұнамасын, ұнасын,
Адамзаттың көтеріп бар кінәсін,
Келеді шын дүниені төңкергің,
Бірақ стол төңкерумен тынасың!
Ашу — асау ақылыңа көнбейді,
Одан, әсте, ештеңе де өнбейді.
Өнбесе де төңкересің столды,
Оның өзі кейде қолдан келмейді.
Келе қалса,
Оғаш болып әлгі ісі,
Шырық бұзар атанады ол кісі.
Қайткенде де
Жамандықты көргенде
Күйіп кету —
Жақсылықтың белгісі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айып

  • 0
  • 0

Шаңғысына сүйіне,
Ойнай-ойнай еc кетіп,
Омарғали үйіне
Оралды тек кештетіп.

Толық

Тиыншыл Тиін

  • 0
  • 0

Қызықтырып көк тиын,
Жаз жаңғағын Ақ Тиын
Сатып-сатып тауысты,
Болды сөйтіп «табысты».

Толық

Өткенімді жатып алып ойланам

  • 0
  • 0

Өткенімді жатып алып ойланам:
Аз келіпті қуаныш пен той маған.
Тірлік мені
Жалғызы-ау деп біреудің

Толық

Қарап көріңіз