Өлең, жыр, ақындар

Көнтері

  • 27.04.2019
  • 0
  • 2
  • 2613
Ағайындар,
Құлақтарың тосыңдар.
Жырыма жыр,
Сырыма сыр қосыңдар...
Мінез-құлқы ақша бұлттан жаралған
Үлбіреген жаны нәзік досым бар.
Барлық пәле түсінбеуден басталар.
Бет орнында бояуы мол маскалар.
Нәзіктігін жасықтық деп,
Өмірде
Істеместі істейді оған басқалар.
Оған нұрын түсірмейді жарық үй
Жаны жүдеп.
Жүреді ашып әрі ми.
Момындарға бәрі батыл,
Бәрі еркін;
Момындарға бәрі қожа,
Бәрі би.
Неткен шыдам!
Неткен темір төзім ең!
Қате тауып дұрыс айтқан сөзінен,
Той — думанда
Ұшып түскен күкірттей
Өртейді оны долы әйелі көзімен.
Обал екен табылмаса ер теңі,
Ойлантады мені достың ертеңі.
Жаны қандай нәзік болса адамның,
Тәніне оның сондай қажет көнтері!



Пікірлер (2)

Ақжайна

Өлеңдерінің астында үлкен мән берді.

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жұбату

  • 0
  • 2

Мен отырмын сөзіңе құлақ түріп,
Ал сен болсаң бөркіңді лақтырып,
"Үш ұлың бар,
Сен мені түсінбейсің!

Толық

Тілазар

  • 0
  • 0

– Тазалашы, мұз болған
Есік алды тайғанақ!
– Жата берсін, біз оған
Теуіп жүрміз сырғанақ! –

Толық

Бараққа

  • 0
  • 0

Туысқан бізде мықты ғой
Тарылған ниет-пейілден.
Туған жер болып шықты ғой
Мақаншы саған кейіннен.

Толық

Қарап көріңіз