Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

  • 27.04.2019
  • 0
  • 3
  • 15101
Махаббаттың көп елге үлгі етері,
Мұны ұқпайды кеткендер теңге теріп.
Қара жерге тимейді кейде аяғың,
Қолтығыңның астынан жел көтеріп.
Бұл махаббат қызыңа,
Еріңе сын.
Бір берілсең өлердей берілесің.
Өзің жерде болғанмен,
Ойың көкте,
Ұшып жүрген сияқты көрінесің.
Бұл махаббат өзгеге, өзіңе сын.
Бірақ кімге, мәселе, кезігесің?!
Періштеге жолықсаң,
Сен өзіңді
Ақ қанатты періште сезінесің!
Жолықпасаң,
Ортайып тағат-құты,
Қамығасың күн күтіп,
Сағат күтіп,
Махаббаттың айында,
Адам түгіл,
Құрт-құмырсқа ұшады қанат бітіп.



Пікірлер (3)

Арайка

Керемет Мен жақында Қдір Мырза Əлі ақынның жарысына бармақшымын осы жерден уйрендім өлендерди маған сəттілік тілеп қойыңыздар

Арука

Мен Қадыр Мырза Əлінің өлеңдеріне жарысқа барамын.Өлеңдері өте тамаша мəн мағыналы керамет өлеңдер

Айзере

Маған ұнады Қадыр мырза әлі нің өлеңдері қуаныш толы болды

Пікір қалдырыңыз

Талқы

  • 0
  • 0

Қып-қызыл күнделігі
Көр қыз... Моншақ атты.
Ол жайлы мен де бүгін
Айтамын сонша қатты.

Толық

Сол сияқты іздегенің сенің де

  • 0
  • 0

Сол сияқты іздегенің сенің де.
Солай ма еді?!
Солай шығар тегінде!
Көзді жұмып бір өтірік айтып ең,

Толық

Өлетін ұл болам деп халық үшін

  • 0
  • 0

Өлетін ұл болам деп халық үшін:
Балалық келіп еді алып-ұшып.
Топты да,
Тобырды да киіп жарып,

Толық

Қарап көріңіз