Өлең, жыр, ақындар

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7954
Таныс емес тағдырдың әні кімге!
Титықтайды тұрмыстан кәнігі де.
Баласы бар,
Байы бар келіншектің
Ата-анасыз күні жоқ әлі күнге.
«Қызық көріп бетінің қызылында»
Тапсын ұлдың түзігін,
Бұзығын да!»,—
Деп бергісі кеп тұрса шешесінің,
Алғысы кеп тұрады қызының да
Тауқыметтен ащы тер төгілді ме?
Қиындықтан қабырға сөгілді ме?
Пәтерді де әперген ата-анасы,
Ата-анасы әперген мебельді де.
«Ойға шомып бір мезет отты көзің,
Өзіңді-өзің бағатын жетті кезің!»—
Демесе де
Үйінен ата-ананың
Әлі күнге алады еттің өзін.
Бала кездің жайқалған бал құрағы
Осы үйге кеп құнанын шалдырады.
Кездескенде
Еркелеп баяғыдай
Анасына балмұздақ алдырады.
Қызды ойламай қалайша жата аласың!
Әлі жұмыс жасайды отағасың...
Қанаттанып кетсе де
Балапандар
Ашады аузын көргенде ата-анасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлем және дала

  • 0
  • 0

Қорғаймын деп кең байтақ атырапты,
Қырда талай ерттеген батыр атты.
Мен көрермін олардың көрмегенін:
Мен көрермін Везувий,

Толық

Революция семсері

  • 0
  • 0

Революция бұлбұлдары сайраған
«Марсельеза»— менің пірім,
Байрақ ән.
Қиындықтың шар қайрағы от шашқан

Толық

Шет өлкеде қалайша қамықпайын

  • 0
  • 0

Шет өлкеде қалайша қамықпайын:
Дүниенің тарлығын анықтайын...
Тарылады тынысым,
Аквариумға

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер