Өлең, жыр, ақындар

Кенже

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3773
Сіңген бе о бастан-ақ санасына,
Ата-ана қарай ма әлде шамасына.
Кенже деп,
Кенжетай деп,
Кенжегүл деп,
Қазақтар ат қояды баласына.
Болмыста толып жатыр ғаламаттар,
Біледі не істейтінін дана қарттар.
Бұл сөзде сыйластық бар,
Қимастық бар,
Бұл сөзде шүкіршілік,
Қанағат бар.
Тамшы бал қалса бақыт кесесінде,
Қайтесің?!
Тамырыңды кесесің бе!
Ақырғы кездесудей махаббатпен
Қанша сыр,
Қанша мұң бар осы есімде!
Ата-ана-ай!
Не істесең де кеңдік еткен...
Нәресте күту қиын енді көптен.
Осынау Кенже деген бір-ақ сөзде
Жатқандай соңғы жылу,
Соңғы көктем.
Бұл сөзде егілу бар,
Езілу бар.
Есінен енді шықпас кезігу бар,
Кететін жастығыңмен қоштасу бар,
Келетін кәрілікті сезіну бар.
Кенжелер ала келіп ән-күйіңді,
Бөлейді салтанатқа сәнді үйіңді...
Шынында ыстықсың-ау соңғы сәби,
Шынында тәттісің-ау соңғы иінді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің

  • 0
  • 0

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің,
Ер-тоқымсыз жіберіп ой дөненін,
Байлық қуған, шен қуған жұртты көріп,
Пенделігім ұстайды кейде менің.

Толық

Жарық

  • 0
  • 0

Қадіріңді білмейді екем, нұрлы күн,
Қараң қалып мұхиттарым,
Құрлығым,
Жатып едім бір күн көзім ауырып,

Толық

Арыстан

  • 0
  • 0

Бұрқыраған жалы қандай!
Бас қандай!
Оның пысы басады тау басқандай.
Кімге деме,

Толық

Қарап көріңіз