Өлең, жыр, ақындар

Қажығалиға

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2899
Өзің айтшы, сыншым менің қырағы,
Суға тойған қашан шөлдің мұрабы?!
Он қызы бар ата-анаға, білесің,
Қай кезде де бір ұл жетпей тұрады.
Байи беру болса адамның ұраны,
Оны тірлік түзу жолдан бұрады.
Бір дачасы бар адамға қашанда
Бір машина жетпейді де тұрады.
Малы көпке,
Еске сақта, шырағым,
Шөп болмайды шүкірліктің құрағы.
Қанша өссе де,
Мансап қуған адамға
Бір секіру жетпейді де тұрады.
Ырық бермес көңілдің көк пырағы.
Жақсы арманның жақынынан жырағы.
Тойда қанша тойғанменен
Ішкенге
Бір жүз грамм жетпейді де тұрады.
Өзің айтшы, сыншым менің, қырағы
Майға қашан тойған үйдің шырағы?!
...Бәрін, бәрін,
Бәрін алған адамға
Ә-әй, бірдеңе жетпейді де тұрады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы

  • 0
  • 0

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы,
Сол құшақтың жетер бізге күші әлі.
Сезіктенбе сәл ауырса бауырың,
Ол тас бауыр еместіктің нышаны.

Толық

Іргетас

  • 0
  • 3

Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,

Толық

Барар жолда

  • 0
  • 0

Барар жолда,
Жетер жолда мақсатқа
Ие болу оңай емес жақсы атқа.
Шалды біреу, талай шалды аяқтан,

Толық

Қарап көріңіз