Өлең, жыр, ақындар

Жұмыртқаның сарысындай ішігі

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1914
Жұмыртқаның сарысындай ішігі
Сап-сары боп құстың шөже-кішігі
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Қарсақ пенен түлкінің де күшігі.
Туа сала тастап кеткен анасы
Көжектерге толы қазақ даласы.
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Қара құс пен жапалақтың баласы.
Енесіндей тәтті ұйқысын бөліп түн,
Қозы-лағы ақ марал мен еліктің
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Бөлтіріктер майын сорып кеміктің.
Бәрі сәби,
Бәрі бөбек қоныстың.
Күлкіменен толтырады жол үстін...
Бір жерлерде жұмыртқасын жарғалы
Жатыр ма екен балапаны соғыстың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасиетті Еркіндігім

  • 0
  • 0

Қасиетті Еркіндігім!
Теңдігім!
Қанша шаруа тындырар ем ендігі?!
Амалсыздан азап шегіп отырмын

Толық

Ширек ғасыр тарамайтын мастығы

  • 0
  • 0

Ширек ғасыр тарамайтын мастығы
Дүниенің бір ғажабы — жастығың.
Жүген-құрық салдырмаса — сол жаман,
Тұмар болған анаң менен атаңа

Толық

Кеңес

  • 0
  • 0

Жұлдызым боп жанса шындық төбемде,
Өтіріктің шылымын мен шегем бе?!
Сұлуларға әдемісің демесең,
Селт етпейді ақылдысың дегенге!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар