Өлең, жыр, ақындар

Келген кезде қара бұлттың шабыты

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1795
Келген кезде қара бұлттың шабыты,
Нұр жуады көк аспанның мауытын.
Құмның алып тасбақасын көргенде
Елестетем батырлардың сауытын.
Қайран қиял түрген ғарыш іргесін,
Әр уақытта қаламыммен біргесің.
Балға батқан бал арасын көргенде
Елестетем Ескендірдің мүрдесін.
Ойдан ащы болмас кейде ермен де,
Әлденеден көңіл шіркін шерменде.
Елестейді тұтқындардың киімі
Қамаудағы зебрлерді көргенде.
Сәл ойлансаң мынау тірлік қақында,
Тұлпар қиял тықыршиды тақымда.
Бір нәрседен басқа нәрсе көрмесе,
Жарамайды ол көз болуға ақынға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саққұлақ

  • 0
  • 0

Күшігім бар.
Күшігім
Кереметтей саққұлақ.
Күзетіп үй есігін

Толық

Кірпі

  • 0
  • 0

Жатқан кезде быртиып,
Кірпіге сен көр тиіп.
Тікірейтіп түрпісін
Түрегелер үрпиіп.

Толық

Желөкпе

  • 0
  • 0

«Болса да қиын,
Пішеді киім
Апайым менің.
Әдемі етіп,

Толық

Қарап көріңіз