Өлең, жыр, ақындар

Ыстық

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3076
Мұнартады сағымды нөпір алап.
Ақ бесікке асылып отыр ана...
Ала бұзау құйрығын шаншып алып,
Айдалаға безеді оқыралап.
Мен өскенмін ат теуіп,
Түйе қарпып.
Бәрінен де даланы сүйем артық:
Жылқылары тұратын
Біреуінің
Мойынына біреуі иек артып.
Жүрсем де өзім паркте,
Жасыл бақта,
Жыр жазамын шөпшінің қосын мақтап.
Шаңқай түсте жатады бота-тайлақ
Ыстық құмға өтектей төсін қақтап.
Осы дала — қазақтың қимайтыны.
Әулиесі,
Бас иіп сыйлайтыны.
Босағада жатады бөрібасар
Кеуіп кеткен аузына сыймай тілі.
Сағым-теңіз,
Көлге емес,
Соған түстік.
Шомылар ма сағымға балам да өстіп!
Бәрі де ыстық:
Күн де ыстық,
Дала да ыстық.
Ал қазақтың құшағы одан да ыстық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өнердегі жас қадам

  • 0
  • 0

Өнердегі жас қадам
Көп нәрсені кеш білген.
Артық емен басқадан,
Кем де емеспін ешкімнен.

Толық

Бұлт және күн

  • 0
  • 0

Түс көріп ем:
Сақ-сақ күліп албасты,
Жүн-жүн қолмен жағама кеп жармасты.
Келесі күн

Толық

Бұлт пен Қаңбақ

  • 0
  • 0

Күзгі дала көріксіз,
Құйын соғып есірді.
Қаңбақтарды еріксіз
Қуалады, көшірді.

Толық

Қарап көріңіз