Өлең, жыр, ақындар

Көктем құдіреті

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2434
Арулармен тектес көктем қылығы.
Алып ұшқан көңілдердің күлігі.
Аузы берік тұйық жандар шешіліп,
Ашылғандай құпиялар құлыбы.
Мен де амалсыз сыбызғымды қолға алам.
Мамыр болып тебіренем,
Толғанам.
Сыңғыр-сыңғыр төгіледі сәріде
Сандуғаштың көмейіне толған ән.
Гүл-гүл жайнап әрбір үйдің бикесі,
Жігіттердің шымырлайды жүйкесі,
Қарлығаштың ұясынан табылып
Әжеміздің ұмытып кеткен шүйкесі.
Жерге шаншып кеткен болат пышақ та
Гүлге айналар
Өтпей жатып үш апта...
Жігіт-емен күбірлейді кешқұрым
Қыз-қайыңды мықынынан құшақтап.
Күндіз-түні шырқалғанда жастық ән,
Көңілдегі сейіледі тас тұман.
Қариялар өткендерін еске алып,
От іздейді қоламтаның астынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілі мен жағына сүйенген

  • 0
  • 0

Сәскеде анасы
Жұмсады кенжесін:
— Бұзауқан, шамасы,
Тоймай жүр,

Толық

О, тіршілік

  • 0
  • 1

О, тіршілік!
Мен үшін қиындама.
Қиналады балам деп үйімде ана.
Теңге де емес,

Толық

SOS!

  • 0
  • 0

Естисің бе Таяу Шығыс солқылын?!
Есер дауыл суырады жол құмын.
Sos! Sos!— дейді Палестина күндіз-түн,
Тыңдасаң да ауаның қай толқынын.

Толық

Қарап көріңіз