Өлең, жыр, ақындар

Құрмет

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3366
Ер бақытты бағасын берген елі —
Көп екен ғой көргеннен көрмегенім —
Қадеке!— деп,
Кәке!— деп,
Енді қазір
Отырғызып қояды төрге мені.
Уақыт шіркін өтеді,
Өзгереді.
Өзгергенін күн сайын көз көреді.
Осы кештің үлкені өзіңіз деп,
Және маған алдымен сөз береді.
Сый-құрметке жомарт қой дала біздің.
Одан қалған күні жоқ қаламыздың.
Алып-алып қояды інішектер
Амандығы үшін деп ағамыздың.
Ел жетпейді, шіркін-ай, елге біздің!
Бағасын бұл түсірмес өңгеміздің.
Содан кейін ішеді екінші рет,
Арқасы деп барлығы жеңгеміздің.
Мақсат емес тойдыру құр қарынды,
Шырқап қоя береді бір дарынды.
Сөзді бөлмей,
Жөнімен,
Сәтіменен
Жатқа оқиды содан соң жырларымды.
Дастарқанның қонғандай келіп құты,
Ұшып кете жаздайсың желік бітіп.
Аяғыңды тигізбей қара жерге,
Кетеріңде тұрады көлік күтіп.
Күлім қағып мейірлі қой көздері,
Қарыздар ғып осылай қойды өздері.
Құрметті бұл қалайша ақтаймын деп,
Кірпік ілмей шығамын кей кездері.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен

  • 0
  • 0

Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен.
Жекжаттығым жоқ емес бұланменен.
Тамырласпын,
Тектеспін тарпаңменен,

Толық

Туыстық туралы

  • 0
  • 0

Ғаламат қой туыстық,
Достық деген.
Бұл салада байқайсың бостық менен.
«Ағайынның барынан жоғы жақсы!»

Толық

Әлем және дала

  • 0
  • 0

Қорғаймын деп кең байтақ атырапты,
Қырда талай ерттеген батыр атты.
Мен көрермін олардың көрмегенін:
Мен көрермін Везувий,

Толық

Қарап көріңіз