Өлең, жыр, ақындар

Алпыс

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2667
Амалсыздан көнеді адам болмысқа.
Алты қырдан асқаннан соң —
Жол қысқа.
Ал сен болсаң жиырмадасың,
Алаусың,
Алаумын деп күлме бірақ алпысқа.
Жан болғасын амал бар ма тозбасқа!?
Жетпіс жайлы,
Сексен жайлы сөз басқа.
Шындап кетсе,
Абыройды бермейді
Алпысында алабұртқан боз қасқа.
Сенбейсің ғой,
Сенбейсің ғой,
Бірақ та
Жаспен бірге суымайды жыр-аптап.
Білгің келсе
Алпыстағы ағаның
Қасиетін
Жас жеңгеннен сұрап бақ!
Оның бәрін жеткізе алмас сараң тіл.
Махаббатсыз өткен әр түн — арам түн!
Жалынына ұстай білсең жастықтың
Алпысыңнан тамшылайды сары алтын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамаша

  • 1
  • 3

Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Толық

Аласапыран

  • 0
  • 0

Мезгіл болса қарбалас,
Мәз бола алмай біз жүрміз.
Ыстық, суық аралас:
Бір жер — батпақ, бір жер — мұз.

Толық

Көнтері

  • 0
  • 2

Ағайындар,
Құлақтарың тосыңдар.
Жырыма жыр,
Сырыма сыр қосыңдар...

Толық

Қарап көріңіз