Өлең, жыр, ақындар

Туыстық туралы

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4927
Ғаламат қой туыстық,
Достық деген.
Бұл салада байқайсың бостық менен.
«Ағайынның барынан жоғы жақсы!»
Деген сөзді әйтсе де естіп келем.
Дейді біреу: «Туыстың көп пәлесі!»—
Осы сөзде жамандық жоқ па елесі?!
Маған құдай бермеген бір ағаны,
Ең болмаса жүретін өкпелесіп.
Көшкен кезде шаң қалып,
Тозаң қалып,
Сақал-шаш та барады бозаңданып.
Маған құдай бермеген бір ініні,
Ең болмаса жүретін мазамды алып.
Бір туғанның әйтеуір қасындасың:
Шілдехана,
Тойында,
Асындасың...
Құдай маған бермеген бір апа да,
Жездеміздің жүретін басын қасып.
Күн емес пе туыстық беретін нұр!
Бауыры жоқ болдым ғой төре тұлдыр.
Құдай маған бермеген қарындас та,
Қайнаға боп біреуге жүретін бір.
Туып өскем ыстықта,
Жал құмдарда.
Бұл ойлардан жүрегім салқындар ма?
Бір туғаным болмаса,—
Оқасы жоқ!—
Мен жалғыздық көрмеймін халқым барда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күздің соңғы күндері

  • 0
  • 0

Өңі қашқан бәрінің,
Оңып кеткен атырап.
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ.

Толық

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім

  • 0
  • 0

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім.
Енді қанша шақырады көкегің?!
Дәмін таттым абыройдың,
Бірақ та

Толық

Тірлік алдындағы тілек

  • 0
  • 0

Үйренгенмін кетпеніңе,
Қайлаңа.
Үйренгем жоқ бірақ тірлік, айлаңа.
Не істесең де,

Толық

Қарап көріңіз