Өлең, жыр, ақындар

Өзіңді тану — өзгені тану

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4137
Менің өзім қызық жанмын, қарағым.
Қалай тұрам?
Қашан қайда барамын?
Қалай ішем елдің берген сусынын?
Не сөйледім?
Кімге қалай қарадым?
Неліктен мен бола берем түзге алаң?
Неліктен мен бермей қалдым қызға мән?
Кімді қалай алдарқатам?
Алданам?
Қызығамын неге?
Нені қызғанам?
Ұртым солып,
Мұрным неге ұзарып,
Жүрем неге жазда жүдеп,
Күзде арып?
Кеттім неге ә дегенше сұрланып?
Кеттім неге ә дегенше қызарып?
Неліктен мен кей сәттерде баламын?
Жоғын неге жоқтай берем даланың?
Неліктен мен кейде жөнсіз жомартпын?
Кейде неге сараң бола қаламын?
Табу керек,
Табу керек бір емін.
Неге сонша өрекпіп тұр жүрегім?!
Әйтеуір мен байын баққан әйелдей
Өзімді өзім аңдимын да жүремін!
Ақыл кейде тәжірибе молдықтан.
Адаспайды адам жүрер жолды ұққан.
Мен өзімді қалт жібермей бағамын,
Өзгені де жақсы білем сондықтан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл кітап

  • 0
  • 4

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду-ду етіп

Толық

Ей, жас жігіт

  • 1
  • 2

Ей, жас жігіт,
Көпті көрген бізге сен
Қателестің — жалғыз бақыт қыз десең.
Сүймеді ме?

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Жазықсыздан осы маң
Шегіп жатыр жазасын.
Көңілшек бұлт осыған
Сығып алды көз жасын.

Толық

Қарап көріңіз