Өлең, жыр, ақындар

Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6273
Қайтесің, дос, біреулерге өшігіп!
Түйілгенше,
Сыр шертелік шешіліп.
Келмейді деп күдеріңді үзбе, сен,
Бақыт шіркін жүреді ылғи кешігіп!
Қайткенде де қызық көру мұрат па?!
Күтеді оны диқаншы да,
Мұрап та.
Оңай ұстап алатындар бар оны,
Байлап қою оңай емес бірақ та!
Бақыт жайлы ойландым-ау ұзақ мен.
Қуады оны бір атпен де,
Жүз атпен....
Бәрібір, дос, бола алмайды бақытты
Бақытыңды ұстағандар тұзақпен.
Енді, міне, қара суық қара күз.
Өткенді ойлап солқылдайды жарамыз.
Алыс та емес,
Жақын да емес —
Бір жұмбақ
Бақыт пенен екеуміздің арамыз.
Сабыр! Сабыр! Жүйрік көңіл пырағы!
Жанар әлі абыройдың шырағы...
Келе жатып,
Бара жатып біреуге
Бақыт маған соғып кетіп тұрады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын

  • 0
  • 0

Ойға туыс,
Сезімге жақындарда
Кегің бар ма, тіршілік,
Ақың бар ма?!

Толық

Халық

  • 0
  • 2

Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"
Ә дегеннен ғибрат алып келем.
Ұлттар үшін
Жүз томдық жыр сездігі

Толық

Аз да болса балалық еркелетті

  • 0
  • 0

Аз да болса балалық еркелетті,
Еркелетті,
Бірақ та ерте кетті.
Шегірткені көргенде

Толық

Қарап көріңіз