Өлең, жыр, ақындар

Достастырып орыс

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1378
Достастырып орыс,
Үнді,
Негрді,
Бейбіт. әуен әлдилейді өңірді.
Кім сүймейді?
Жұрттың бәрі сүйеді:
Сен сүйесің,
Мен де сүйем өмірді!
Сүйем мен де жастық шақтың арайын.
Сүйем мен де сұлу неке сарайын...
Анамыздай
Айналайын өмірдің
Сүйемін мен әр аптасын,
Әр айын!
Сүйем мен де тыныш тірлік аспанын.
Сүйем елдің құмын,
Сазын,
Тастағын!
Әкеміздей
Әзиз мына өмірдің
Сүйемін мен әрбір сәтін қас қағым!
Бүкіл тірлік — масағында бидайдың.
Бидай үшін жанымды мен қинаймын.
Бірақ осы
Жарымыздай өмірдің
Азабының өзін тіпті қимаймын!
Ел алдында болған ылғи жақсы атты
Өз қамы үшін қашан жұртты қақсатты?!
Мақсат үшін қия аламын өмірді,
Тірлік үшін қия алмаймын мақсатты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайсысы қайда барады?

  • 0
  • 0

– Қасқыр, қайда барасың?
– Қой қырғалы барамын.
– Қарсақ, қайда барасың?
– Қаңғырғалы барамын.

Толық

Көктем түгіл

  • 0
  • 0

Көктем түгіл,
Қысың өтіп,
Қар кетіп,
Тозады екен мұз айдынның паркеті,

Толық

Жыр ауылы

  • 0
  • 0

Жыр ауылы төре би ғып Абайды,
Махамбетпен ата жауын сабайды.
Сәкенменен толтырады қуысын,
Ілияспен бір жыртығын жамайды.

Толық

Қарап көріңіз