Өлең, жыр, ақындар

Абай десе қазағым мақтанады

Абай десем тебіренер ұлы далам ,
Көңілімде әр кезде болар алаң.
Абайды құрметтейді ата-анам,
Өлеңдерін сүйіп оқыр мен бір балаң.

Толық

Ғашықтық

Басқалар түсінер ме, өздері де..
Сол мезетте ынтық болдым көздеріңе,
Сен сезімнің отына жалын құштың
Ал мен болсам үн қатпадым сөздеріңе.

Толық

Әжем

Түсіме кірдің, жеткізіп бір сөзіңді,
Сұлу бейнең ешкімге тең келмес.
Менің көздеріммен көрсең, сен өзіңді
Тамсанар ең ажарыңа ешкім елемес.

Толық

Сүйемін сені алтыным

Сен өшпейтін мұңсың жүректегі
Жүрегім сені күтіп елжіреді
Тағдырдың жазғанына қарсы тұрып
Қайтарғым ақ келеді жаным сені

Толық

Орамалды ару

Қоңыр көз, ақ құба жанарың
Бір көріп ғашық боп мен қалдым
Жамылған ақ қара орамалың
Дархан жүз байсалды мінезің

Толық

Мұң

Жазайын сыр шертейін мен мұңымды
Сенсіз өмір бояусыз өте мұңлы
Сүймеді емес сүйгенмін менде сені
Жүрегім сені күтіп елжіреді

Толық

Желтоқсан ызғары

1986 желтоқсанда
Мұндай суық хабарды ел тосқан ба
Бұйрық шықты басшыны алат деген
Ызғарлы күн он алтыншы желтоқсанда

Толық

Пендешілік

Кейде пенде қалайды әлденені,
Құдай берген несібесін аз көреді
Шарықтап,шалқып жүріп,көңіл тасып,
Сынақ түссе,бұлданады,күрсінеді

Толық

"Жан Анам"

Сезесің бе жанымның ауырғанын?
Жаным ана сен менің жалғызымсың,
Сондықтан мені ойлап ауырмағын,
Мен сенің мойымайтын гүл қызыңмын.

Толық

Кейбіреу

Кейбіреу майдан қылшық суырғандай,
Кейбіреу отқа тұзды қурғағандай.
Кейбіреу битке пышақ суырғандай,
Кейбіреу артынан ел шуырғандай.

Толық

Анашым

Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Толық

Сәлемдеме

Менен сәлем айтқайсың сұрағанға,
Сұрағайсың, үй іші дін аман ба.
Өмір кешіп жатыр де ол да өзінше,
Тірлік керек, әрине, тірі адамға.

Толық

Альбом

Жап-жаңа ғана, таң еді ғой, ә? Таң еді!
Ағараңдаған аспанға мынау таң едім.
Жап-жаңа ғана, кекілін оңға қайырған,
Күн шуағына сығырайған сол бала едім.

Толық

Талаптан

Өтемін десең сараптан,
Оянып жастар талаптан.
Жұрдай болма мұраттан.
Талап тумас салақтан

Толық

Намаз оқы

Намаз оқы, баурым намаз оқы
Сауап жаса, жүрекке иман тоқы
Бұл өмірде алаңсыз жүргеніңмен,
О дүниеде аямас тозақ оты

Толық

Іздемеген дос - дос па, кім айтады?

Іздемеген дос - дос па, кім айтады?
Қанша менің көңілім құлайды әлі?
Хал сұрамай құдайкүн , еш себепсіз
Кетпеуші еді жоғалып бұлай бәрі.

Толық

Дариға жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Болған- ды менде бір жеңге,
Жылайтын еді бір демде,
Күлетін еді бір демде;
Күлетін еді күллі әлем,

Толық

Шәмші ағама


Есейіп кетсемде ініңдеймін,
Ағамау Шәмшіжан Шәмші деймін.
Сыр бойын шарладым таппай келдім,
Арыстың бойынан сені іздеймін.

Толық

Өмірге құштар құмырсқа, күн батқанша тынбайды!

Өмірге құштар құмырсқада,
Күн батқанша тынбайды,
Адамды еңбек шыңдайды,
Бесіктегі балаға əндіде,

Толық

Жөн

Жасыңда білім десе тоймасаң жөн,
Денеңді шынықтырып ойнасаң жөн.
Ержетсең елдің қамын ойласаң жөн,
Қартайсаң ақыл-кеңес қоймасаң жөн.

Толық

Шын

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетелі шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Толық

Алмас Курманалиұлы

Алдына сәби сұрап келгенімде
Лезде үміт ұялатты көздеріме
Мейірімге толған ғажап сөздерімен
Алға қарай жол ашты ертеңіме.

Толық

Достық

Сырлас ешкім болмаса,
Қасыңда бар.
Адал дос сырласатын,
Жаныңда бар.

Толық

Ат тергеу

Халқымыздың дәстүрі,
"Ат тергеу" деп аталар.
Салт-дәстүрді сақтаған,
Бұрынғы әже-аталар.

Толық

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Адамның осы болар өлмегені

Шырағың маңдайдағы сөнбегені,
Қара жер бесігіне енбегені.
Бір басын қамсыз қылып жөндегені,
Емес ол адамдардың өлмегені.

Толық

Мендік жүрек

Мендік жүрек жүрек емес ақындық
Мендік жүрек сен дегенде бақилық
Мендік жүрек сүйіп өтер бір сені
Мендік жүрек саған деген жақындық

Толық

Әкені жоқтау

Əкешім жақсылардың жақсысы еді,
Əр іске бапкерденде баптысы еді.
Қас қақанша бір ғұмыр түгесілді,
Уақыттың осы екен нақты шегі.

Толық

Жыр соңынан

Көкжал құнан- ат боп шықты сартабан,
Жастығымда шалғайлады артаман.
Бір ауыр жүк орын алып арқадан,
Қара нардай маң-маң басқан,

Толық

Сіз жақсы адамсыз!!!

Бауырым,.. сіз жақсы адамсыз,
Сертіңізге бекемсіз, ісіңізге адалсыз.
Уайымдамаңыз, Алла реттейді барлығын,
Күліп жүріңіз, жас баладай алаңсыз !!!

Толық

Қарапайым адаммын

Топқада талай барғамын,
Ортаны солай жарғамын.
Құныттап жүріп жалықпай,
Ақындық атты алғанмын.

Толық

Қызыл төбе,тарихыңды ел білмейді

Қызыл төбе,тарихыңды ел білмейді,
Бұл жерді талай қызық көрген дейді,
2000 жылы құрылған бұл ауылда,
Бұл күнде жиырма мың жан мекендейді

Толық

Менің жәйім

Ешкімге тілімді ал деп жалынбаймын,
Домнада лаулап тұрған жалындаймын.
Базардың өтіп тұрған малындаймын,
Қадалсам бір нәрседен алынбаймын.

Толық

Ойлан, тап

Мұхтар,
Сəуле,
Бiр үйдiң балалары,
Егiз туған екеуiн

Толық

Он сан

Мiне, бала,
Он сан,
Ретiмен санап болсаң,
Бəрi қанша қоссаң,

Толық

Асықтар

Көктем шығып,
Жаз болып,
Далада ойнар мəз болып,
Асықтарым аз болып,

Толық

Мерейтой

«Келер жылға жеткiзсе,
Жасым толмақ жетпiске, –
Дедi атам, – Сол тойды
Дүрiлдетiп өткiзсе...

Толық

Есеп

Бос тұрмастан бекер,
Алпыс секунд өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр минутқа жетер.

Толық

Мен кіммін саған, менің Республикам?

2023 жылғы 19 қазан, Республика күніне орай
Кешегі еңбектің жемісімін!
Мың күрестің жеңісімін!
Бейбіт өмір кепілімін!

Толық

Спорт

Допты тепсең тебе қой,
Болма бірақ сөдегей,
Күллі әлемге әйгілі, 
Мбаппе бол, Пеле бол 

Толық