Өлеңдер

Түн

Жұрт ұйқыда жатыр, шырт ұйқыда,
Қара түн күзетіп тұр бейкүнə.
Қара түнді мен күзетем бір шетте,
Орнықты кеп, жанарыма сыйды да.

Толық

Тек өзің

Кеш қарайып барады, тез қарайып,
Келші қалқам, бірге соған қарайық.
Саған дəл осылай айта алмаған,
Сенде емес, өзімде ғой бар айып.

Толық

Мен сені қызғанамын

Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Тып-тыныш кеталман жөнімменен.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Қызғанумен өтермін өмірден мен.

Толық

Қайтейін

Суретіңді қайтейін көріктенген..?
Естілмеді дүрсілдер жүректен кем.
Осындай беймаза жүрекпенен,
Қалайша мен өмір сүріп келгем?

Толық

Ф-ға

Арман бар менде бір орындалмас,
(Көрсе де жүгіріп кеп қолымды алмас).
О, неткен тəкəппар арман еді,
Маңайламай кетеді, орны толмас.

Толық

Үйім

Үйім - далам,
Далада жер басып жүремін мен,
Көрмегенім көп болса да көрерімнен.
Қазақтың əр тасын сүйіп өтем,

Толық

Əзірге бар

Əзірге бар, бізде қымбат қазыналар,
Мұрасын алам десең қасына бар.
Қарттар тірі тұрғанда қадірін біл,
Уақыт ұрлап оларды, азы қалар.

Толық

Бір уыс қар

Маған таныс ұзын көше, ұзын көше,
Ұзындығы ұзарғандай екі есе.
Ақ түске еніпті сұрғылт асфальт,
Көзге түспей жататын күні кеше.

Толық

Уақыт

Таң атып, нұры түсті арайдың,
Ойға шұңғып көк аспанға қараймын.
Шыдаймын деп уақыттың сынағына,
Мен кейде бұлт секілді тараймын.

Толық

Көк балқаш

Арнасы тіреу болған жар тасқа,
Қорқынышпен көз тастайсың Балқашқа.
Көріскенде жүгіріп келер толқыны,
Амалың құрып, ала алмайсың жамбасқа.

Толық

Ескерерсің

Сен маған ту сыртымнан қарама,
Ту сыртымнан қарасаң сескенесің.
Жақын келіп, жүрегімді жарала,
Сонда менің өлеңімді ескересің.

Толық

Қошеметтің қажеті жоқ өлгесін

Ақиқатын бір тыңдауға тұрмадың ,
Менсінбедің Мұқаңдардың мұңдарын .
Қазақ халқы жаман əдет шығарды ,
Көз жұмағасын ұлықтайдЫ ұлдарын .

Толық

Бағалай біл

Күндей болып күлімдеп
Күлкі сыйлар жандарды,
Көк жүзінде күнім деп
Бір кештірсін жалғанды

Толық

Мектепті сағындым

Мектеп кезі қайта оралып келмейді,
Естеліктер сағынышты емдейді.
Бәрін бәрін еске алып, ой санам
Студент болып жүргеніме сенбейді.

Толық

Ғашық болдым

Мен саған ғашық болдым, өкінемін,
Өкінемін,жаным сенен өтінерім,
Онсыз да қиналған бұл жүректі,
Ендігі əрі қинамашы өтінемін.

Толық

Керемет мекен

Алматым асыл қалам,жасыл бағым,
Армандадым,енді міне қасыңдамын,
Тарихыңа ғасырлар толып отыр,
Көркейгенсің,енді мəне жасыңда мың.

Толық

Білмеймін, Шыдаймынба?

Кез келгенді,мына өмір сынамайды,
Төніп тұрсын,қасірет,тұра қайғы,
Сұм қарға,қанатынан айырылсада,
Өкінбейді,өксімей,жыламайды.

Толық

Өз еркің

Тұра алмаспын,сендей қызға мақтанбай,
Күздің салқын,күніндей боп атқандай,
Жазды күннің,ыстығына қарайып,
Кейде болам,жаңа жауған ақ қардай.

Толық

Көңіл толқыны

Көп ашылған өткеннің,қат парағын,
Парақтаймын,қайтадан ақтарамын,
Ұмытсада жан тəнім,ұмытылмас,
Жазып қойған өлеңдер,жаттар əнім.

Толық

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық

Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?

Толық

Қажеттісі ат маған


Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Аттан десе “A құдайлап” аттанам.
Өйтетіні қасиеттеп тұлпарын,
Бабаларым маңдайынан қақпаған.

Толық

Анама

Анам саған жыр жазармын әлі көп,
Тұрса егер қаламымның әлі кеп.
Сен туралы ой толғасам тұрады,
Таңдайыма ақ сүтіңнің дəмі кеп.

Толық

Алғыс айту күні

Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.

Толық

Алматыда курста бірге оқыған әріптестерге естелік өлең

Шабыт деген базына ма
Арнасы сарқылмайтын қазына ма?!
Бүгінгі күн ертеңгі естелік
Еріксіз өздігінен жазыла ма?!

Толық

Тіл - тірегім

Тіл - тірегім, Отанымның тірегі,
Əр қазақтың тіл деп соқсын жүрегі!
Ана тілім - қазақ тілі бар кезде,
Отанымыз мəңгі өмір сүреді.

Толық

Мұң

Мұңлы көңіл мұңын жолдап дәптерге,
Өзін-өзі ең бейшара жан дерме?!
Сан сезімге ере беріп, алданам,
Ақылымды тұман басқан сәттерде.

Толық

Шаршамаң досым

Қуанып , кей сәт күлсеңiз ,
Кездерде мұңнан шаршаған .
Өмiрдi ғажап сүрсеңiз ,
Ғұмырсыз кеттi қанша адам ?

Толық

Бақытсыз емеспін

Қайтпайтын қайсармын ,
Тəуекел , айға ұштым .
Жанына жайсаңның ,
Жайланып жайғастым .

Толық

Сезім өлеңі

Бақыттымын , барлығы да құрсын де ,
Сені мендей өзге жандар білсін бе ?
Жанарыңнан оқып жүрмін барлығын ,
Əлде мені түсінбес деп жүрсің бе ?

Толық

Тезірек кел

Алдайды , айламенен жанды үміт ,
Қалдырдың мұңдарымды жамылдырып .
Кеттің - ау ... Кеткеніңмен сен бірақта ,
Жүрсің - ау сағындырып !

Толық

Бір жұлдыз

Бір жұлдыз сөніп барад(ы) ,
Көк аспанда ,
Аспанмен өлшенетін жоқ асқар да .
Жұлдыз деп таңырқаймыз қазір біздер ,

Толық

Қытайға кетем

Қоймаған тағдыр кімді бағындырып ,
Болса да жүрегіңде жалын үміт .
Кей кезде оңашада ойланамын ,
" Қытайға кетсем бе екен сағым қуып ? "

Толық

Раxмет, Ата !

Рахмет , ата !
Немiстi жеңгенiң үшiн ,
Жеңiстi бергенiң үшiн .
Артымда балам бар деп ,

Толық

Сағыныш...

Жүрегіме шоқ болып түсіп, өртедің барлық тамырды,
Сағыныш сезім жүректі шарпып, қуаты мықты, жалынды....
Сол сағынышты сөндірем енді, сөндірем енді қалай мен?
Маған беймәлім тылсым бір күшпен тағатсыз сені сағынды.

Толық

Ардақты ата-анам

Әке-шешем аялаған, саялаған
Біздерден ешнәрсесін аямаған.
Айналайын, құлыным деп еркелеткен,
Бар білгенін жан-тәнімен үйреткен.

Толық

Ел басқарған елбасы

Қазақстандай мемлекетті басқарған,
Жұлдыз болып, жаңа жолға бастаған.
Елбасымыз Нұр ағаның арқасы
Жеткеніміз мұраттарға аңсаған.

Толық

Сен - қазақ ұрпағысың немесе «Қазақ» деген кім?

«Шежірем деп соқса, егер, жүрегің тым,
Жаңғыруы тарихтың, үдері шын.
Ғажап тілмен үн қаттың: «Қазақпын – мен»,
«Қазақ» деген кім, өзі,

Толық

Мен оралам!

Жайық, әсем көзіңнен, кең қаладан,
Ғайып болып, әзірге, мен жоғалам.
Бірақ, бәрі...
Барлығы өзгергесін.

Толық

Есімде менің...

Есімде менің...
Ең алғаш сені көргенім,
Несіне келдің?
Жаныма жалғыз сен менің?

Толық

"Сергелдең"


Кешегіден бүгінгі күн бөлек тым,
Мен шынымен адамдардан бөлекпін.
Мен біреумін арманына сенбейтін,
Қалауымен жүре алмаймын жүректің.

Толық

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)