Өлең, жыр, ақындар


Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?

Л әрпі



Арықта бар,
Сезімде жоқ.
Балықта бар,
Теңізде жоқ.
Бұл қай әріп ?

А әрпі



Мысықта бар, күшікте жоқ.
Ыдыста бар, алмада жоқ.

Ы әрпі



Телеграф бағаны деп қаласың,
Насосқа ұқсастығын табасың.

Т әрпі



Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.

Алфавит



Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.

42 әріп



Сенде бар, менде бар,
Адамда жоқ,
Жанда бар, ханда бар,
Ғаламда жоқ,
Тиде бар, сыйда бар,
Харамда жоқ,
Шамға бардым, үшеуін көрдім,
Мысырға бардым, біреуі де жоқ.
Жалғаннан біреу, екеу, үшеу,
Төртеуін бір жерден көрген адам да жоқ.

Араб әріптерінің асты-үстіне қойылатын ноқаттары



Таспадай қағазға тiзiп,
Жазатын әрiптерi
Шұрық тесiк,
Нүкте мен сызық.

Морзе алфавитi



Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған.

Әріптер