Өлең, жыр, ақындар


Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.

Кереге мен уықтар



Жүз жігіт жер тіреп жатыр.

Кереге



Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.

Кереге



Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем-бір құшақ.

Кереге



Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.

Уық, шаңырақ



Біреуде қырық ұл бар,
Қырқының қырық аяғы бар.

Уық, кереге



Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.

Уық, кереге



Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөркін көтеріп тұр.

Кереге, уық, шаңырақ



Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған-
Ауыз омыртқа.

Уық, кереге, шаңырақ



Алпыс атым ала аяқ.

Уықтың қаламы



Қара тоқтыны қайырып соқтым.

Түндіктің ашылып, жабылуы



Қара таудың басында
Қабылан деген құс отыр.
Қанатына мұз қатып,
Қайрыла алмай ол отыр.

Түндік



Ақ итім арбадан қарғып түсті,
Барлығының басына шыққан кісі.

Түндік



Күндіз ашық,
Түнде жабық.

Түндік



Таңертең тұрдым,
Ернімді бұрдым.

Түндік



Ұзын-ұзын әулие,
Төбесін құрт жеп қойған,
Тұғыр төбе әулие.

Шаңырақ, уық



Әупірім, ала, қара құс,
Үсті-басы тарамыс.

Шаңырақ



Өзімді жас қайыңнан кесіп алды,
Белімді неше жерден тесіп алды.
Жемейді көк түтінмен ертелі-кеш,
Шықпаған шыбын жанның несі қалды.

Шаңырақ



Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Бууы-бууы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік терісі,
Алтын қошқар мүйізі.

Бау, құр, екі үзік, төрт туырлық, түндік, кереге, уық, киіз, шаңырақ



Алпыс терек,
Адамға керек,
Алпыс теректің бәрі-ұя,
Тұрған жері - қия.

Алпыс басты киіз үй