Өлең, жыр, ақындар


Орана бередi, орана бередi,
Оранған сайын көлемi молая бередi..

Жiп орамы



Тақылдатып таңдайын,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін беріп тазалап,
Өзі түкте алмайды.

Комбайн



Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді.

Трактор



Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.

Ұшақ



Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп, жүр дара.

Кеме



Ас бөлмеде тұрағы,
Алған демі суық-ақ.
Ішін тартып тұрады
Ішек-қарны шұрылдап.

Тоңазытқыш



Бұлт емес, жел емес, –
Бұлттан бір кем емес:
Төгіп өтсе нөсерді,
Егін жайнап өседі.

Жаңбырлатқыш



Жолдардың торабын,
Абайлап қарағын,
Әйгілеп үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз –
Бағындық бәріміз.

Бағдаршам



Сымға жалғанып,
Сыммен бойлайды:
Ол келсе шам жанып,
Үй іші жайнайды.

Электр тогы



Тұмсығы – қалақ,
Тұрмайды қарап:
Тау-тасты қопарады,
Бұл не деп аталады?

Бульдозер



Темір сирақты
Алып жирафты
Бәрі біледі,
Үй сап береді.

Көтергіш кран



Жалы – темір,
Жолы – темір
Темір атты
Зымыраттым.

Трамвай



Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді:
Бар жолмен жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.

Автобус



Самұрық құс самғады.
Көктен өтіп,
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.

Космос кораблі



Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.

Бұрамасы бар телефон



Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе,жоқ қой бізге керегі.

Қайшы



Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,
Шалып, қағып ойнадым.

Іс машинасы



Болғанда екі құлақ, екі шелек,
Бітіпті ортасында шынар терек.
Теректің сабынан ба деп ойлаймын,
Тұрады жауын жауып, күн себелеп.

Насос



Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты,
Адаммен қатынасы сондай күшті.
Саңқылдап керек затқа хабар берер,
Бір жерін аңдаусызда басса жетті.

Телефон



Бір нәрсе әуенменен сөйлеп қатты,
Әуеден оның өзі керек тапты.
Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі,
Қаратады аузына жамағатты.

Радио