Музыкалық аспаптар


Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?

Қобыз



Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?

Жетіген



Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.

Сыбызғы



Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.

Керней



Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі.

Нота



Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.

Скрипка кілті



Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол...

Дирижер



Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап.

Домбыра



Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.

Домбыра



Жоқтан бар ғып сайратқан,
Жылы тартып жайнатқан.
Тұла бойы тұл жұмбақ,
Елу үш құлын байлатқан.

Граммафон



Жоқтан бар ғып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.

Граммафон



Бір шұқып тұмсығымен амандасып,
Айналып ахуалын көріп тұрар.
Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап,
Күйіне бар денесін толықтырар.

Патефон



Қапасқа бір тотыны қойған байлап,
Отырар қысы-жазы соны жайлап.
Қасына тыңдаушылар жақын барса,
Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап,
Өзіне әр түрлі құс келіп тұрар,
Сырты шұбар әдемі келген сұлу,
Әңгіме күні-түні мәжіліс құру,
Қаз мойын көмекейі сақылдайды,
Жиын той көңілденген қызық-қызу.

Патефон



Мұрнында бар инесі,
Бетінде бар түймесі.
Аузын ашса сөйлейді,
Табыңыздар не осы?

Патефон



Денесі бар, аузы жоқ,
Көмейінен сөйлейді,
Бұл не деген тамаша.
Өлең тартқан кернейі.

Патефон



Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,
Оқыса үйренеді оқыған қол.

Нота



Аузы оймақтай,
Ерні етектей.

Керней



Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.

Барабан



Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,
Мұрны құрдай.

Мандолина



Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай.

Сырнай



nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)