сайыс
ozgetil.kz

Логикалық сұрақтар


Көл бетіндегі өсімдік
Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы қалпынша қайта үлкейе түседі. Осылайша көбейе келе 30 күнде көлдің бетін толық жауып қаптап алды. Егер бастапқыда осындай өсімдіктен 2 дана болғанда көлдің бетін толығымен қанша күнде қаптар еді?

29 күнде.



Әке мен бала
Әкесі мен баласының жастарының қосындысы 66. Әке мен баланың жасының сандары бірдей сандардан тұрады, бірақ керісінше, яғни қарама қарсы орналасқан. Сұрақ әке мен баласының жастары қаншада?

Үш түрлі жауабы бар. 60 + 06, 42 + 24 және 51+15.



Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады. Мысықтың бір аттағаны тышқанның 10 қадамымен бірдей. Мысық тышқанды ұстай ала ма?

Ұстай алмайды. Мысық 5 рет аттағанда тышқан 15 қадам өткен болады. Мысық 6 рет аттағанда тышқан 18 қадам басады. Тышқан тағы да 2 қадам басумен тесікке кіреді. Ал мысық әлі соңғы аттамының тек 2/3-ін ғана өткен болады.



Зеректік жұмбағы...
1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, ?. Мына сандар бір реттілік бойына жазылған. Сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі тиіс?

11



Асан мен Үсен алаңды айнала жүгіріп жаттығу жасауда. Асан бір айналымды 7 минутта, ал Үсен 5 минутта бітіруде. Жүгіруді бірге, бір жерден бастаған болса, қанша минуттан кейін Асан мен Үсен қайта бір қатарға келеді?

35 минуттан кейін. Асан 5, ал Үсен 7 айналым бітіргенде.



Қолымдағы гүлдердің екеуін санамағанда барлығы раушан, тағы екеуінен басқасының барлығы қалампыр, тағы екеуін есептемегенде барлығы лалагүл. Менің қолымда қанша гүл бар?

3 гүл



Зеректік жұмбағы...
Көп балалы отбасы
Бір көп балалы отбасы 1,5 жыл аралық пен 15 бала-шағалы болған. Ең үлкен баласы, ең кішкентай баласынан 8 есе үлкен болғандығына қарағанда бұл екеуінің жасы нешеде?

Үлкен баласы 24, ал ең кішкентай баласы 3 жаста



Зеректік жұмбағы. Сандар:
1, 2, 4, 7, 28, 33, ?
Жоғарыдағы сандар қандай да бір ретпен тізілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан келуі тиіс?

Сұрақ белгісінің орнына 198 саны келуі тиіс. Себебі:
1+ 1 = 2
2 x 2 = 4
4 + 3 = 7
7 x 4 = 28
28 + 5 = 33
33 X 6 = 198




3 Мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды?

3 минутта



50 пәтерлік ғимаратта тұратын баладан сыныптас досы қаншасыншы пәтерде тұратынын сұрайды. Оған: «Пәтерімнің нөмірі ондық саннан тұрады, бірінші саны екіншісінен үлкен, екеуінің қосындысы бес, ал айырмасынан шыққан санның квадраты 9, қаншасыншы пәтерде тұратынымды тауып көрші» дейді. Сонымен қай пәтер?

41 пәтер.



Бір, үш, бес, сегіз, он үш, ?
Жоғарыдағы сұрақ белгінің орнына қандай сан болуы керек?

Бір, үш, бес, сегіз, он үш,? тізімдегі сөздерде “бір” сөзінен кейінгілері, өзінен алдын қанша әріп тұрғандығын көрсетеді. Демек жауап: он жеті (17)



Ертеде бір жолаушы келе жатып, бәйгеге жиналған бір топ салт атты мен осы қызықты тамашалауға келген ауыл жұртын көреді. Жиналғандарына біраз уақыт болғанмен, бәйгешілердің бірі орнынан қозғалар емес. Жолаушы мұның мән-жайын сұраса, байдың қызы «аты бәйгеде ең соңында келген жігітке шығамын» деп шарт қойыпты. Сонда жолаушы қыздан үміті бар жігіттердің жанына келіп, әлденені айтқан екен. Сол-ақ екен жігіттер орындарынан шаба жөнеліпті.
Жолаушы жігіттерге қандай кеңес берді?

«Аттарыңды ауыстырып шабыңдар» деді.



Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.
Шаруа бұл есепті қалай шешті?

Өзінің бір қойын қосқанда, малдың саны 18 болады, оның екіден бір бөлігі – 9, үштен бір бөлігі – 6, екіден бір бөлігі – 2. 9+6+2=17. Өзінің қосқан қойын алып, шаруа кете барыпты



Барлығы бірдей саннан тұратын 5 тақ сандардың қосындысы 14 болса, бұл тақ сан қанша?

11+1+1+1=14



3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?

Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады. Осы реттілік бойынша сұрақ белгінің орнында 79 болады.



Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе?

Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады.



Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат ?

34 . Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты дыбыстардың, ал екінші сан дауыссыз дыбыстардың санын көрсетеді.



Құмыра
Қолымызда су құюға арналған 21 құмыра бар. 7-і толы, 7-і жартылай толы, 7-і бос. Бұларды үш адамға теңдей етіп бөлу керек, әр адамға 7 құмыра және тең мөлшерде су үлестіру керек. Сіз қалай бөлер едіңіз?

Әр адамға 7 құмыра және 3,5 құмыра судан тиеді. Мұның екі түрлі шешімі бар:
1) А және В екеуі, 2 толы, 2 бос және 3 жартылай толы құмыраларды алады. С, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы құмыраны алады.
2) А және В екеуі, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы, ал С болса, 1 толы, 1 бос және 5 жартылай толы құмыраны алады.



Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен. Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз ескірген, еденінде шаштар шашылып жатты. Ал шаштараздың шашы қисық-қыңыр, жаман алынған болатын. Батыс жағындағы шаштаразға барғанында іші тап-таза, жаңа және шашатараздың шашы өте жақсы алынған болатын. Ойлана келіп әлгі кісі бірінші көрген шығыстағы шаштаразға барып шашын қысқартады. Мұның себебі не?

Ауылда екі ғана шаштараз бар болғанына қарағанда шашы жақсы алынған батыстағы шаштараздың шашын шығыстағы шаштараз алған болуы тиіс. Сондықтан әлгі кісі шашын шығыстағы шаштаразға алдырды.



Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам арқан жіп бар, аралға қалай өтесіз?

Жіпті көл жағасындағы ағашқа байлап, екінші ұшынан ұстап көлді айналып шықса, ортадағы ағашқа оралып, кейін жіптің екінші ұшын жағадағы ағашқа байлайды. Осылайша екі қабатты 150 метрлік жіптен ұстап аралға барып келуге болады.







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)