Математикалық жұмбақтар


Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?

Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.



Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?

9/6х5=7,5 минут



Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?

40 кітап



2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?

2007



Жауабын тауып көріңіздер?

Бұл сұрақтың екі дұрыс жауабы бар.

№ 1:
1 + 4 = 5
5 + 2 + 5 = 12
12 + 3 + 6 = 21
21 + 8 + 11 = 40.
Жауап: 40.


№ 2:
1 + (4 × 1) = 5
2 + (5 × 2) = 12
3 + (6 × 3) = 21
8 + (8 × 11) = 96.
Жауап: 96.

Жауабыңыз 40 немесе 96 болса? Екі жауап та дұрыс!





Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.

1 және 9



Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?

Құстар бірдей уақытта жетіп барған болса, барған жолдары тең деген сөз, яғни гипотенузалары тең. Пифагор теоремасы бойынша 102 + (25-х)2 = 152 + х2 теңдігі жазылады. Бұл теңдіктен х=10 шығады.



Атамыздың туылған жылын сұраған едік. Туылған жылын 131-ге бөлсе 112, 132-ге бөлсе 98 шығады деді, атамыз қай жылы туылды?

1946 жыл



Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180

[ ( 6 x 6 ) - 6 ] : 6 = 5
6 + [ ( 6 - 6 ) x 6 ] = 6
6 + [ ( 6 + 6 ) : 6 ] = 8
[ 6 - ( 6 : 6) ] x 6 = 30
( 6 x 6 ) - 6 - 6 = 24
( 6 x 6 ) + 6 + 6 = 48
( 6 + 6 ) x 6 - 6 = 66
( 6 x 6 - 6 ) x 6 = 180



3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?

Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады



1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

Нәтиже үнемі 1 шығады.



Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0 0

485+312-697=100,
257+189+346=100




Биіктігі 3 метр, ені 20 метр, салмағы 3 тонна болатын бетоннан құйылған қабырға бар. Осы қабырғаны ешнәрсенің көмегінсіз қалай құлатуға болады?

Мұндай қабырғаның қалыңдығы 2 см-ден аспайды. Демек, қолмен итере салсаң құлап қалады.



4 және 7 минуттық құмсағатымен 9 минутты есептеңіз





Бір әйелден "жасыңыз нешеде?" - деп сұрағанда, "Сенбі, жексенбі күндерін есептемей санағанда 30-дамын" - деп жауап беріпті.
Әйелдің жасы нешеде?





nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)