Әдеби жұмбақтар


Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!

Сәлемдесу



Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.

Өлең



Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.

Ана сүті



Қашық жердің сәлемін,
Тез-ақ алып келемін.

Телеграмма



Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.

Мал сойған адам



Көзі — төбесінде,
Көлі — түбінде.

Құдық



Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.

Күнтізбе



Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.

Телеграмма



Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.

Газет



Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.

Көзәйнек



Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.

Таяқ



Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.

Өрмек



Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.

Сылдырмақ



Күндiз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бiрақ та,
Түндiгi жабық шаңырақ

Жарық пен қараңғы



Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласың
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар.

Жыл он екі ай



Жартысы
Жадыратып нұр себедi,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенедi.

Тәулік



Мөлдір судың түбінде қиял қабық,
Үміттенер қалың жұрт қиялданып.

Маржан



Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.

Күндізгі сәулелі шам




Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.

Леп белгісі



Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.

Сұрақ белгісі



nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)