Өлең, жыр, ақындар


Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.

Таба



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.

Оқтау



Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Елеуіш



Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.

Пышақ



Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.

Қасық



Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.

Емізік



Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.

Кепсер



Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.

Қазан



Бес қаруы бойында.

Универсал бәкі



Дос үйіне түстің бе?—
Түгел соның үстінде.

Дастарқан



Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.

Тұлып, мес



Қос құлақты ыдыс,
Тоқылады жүннен.
Ақ дәм, азық, дән салып,
Бабалар артып жүрген.

Қап, дағар



Бір ыдыс кергіштелген аузы арандай,
Құйған нәрсең өтеді аялдамай.
Тек түбінде қыл-қыбыр…
Қалар ылғай.

Сүзгі



Шеңберлi есiгi бар,
Жүздеген тесiгi бар.
Iшiне кiргендердiң,
Ұсағы жол табады,
Iрiсi тор қабады.
Ыдыс-аяқ бөлмесi,
Тазалықтың көрмесi.

Әбдiра



Бiреу есiгi,
Тұбiнiң
Көп-ақ тесiгi.

Елгезер



Ұшы үшкiр, сабы бар,
Екi жүзi қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.

Қанжар



Құдықтың iшiнен,
Құдық көрдiм.
Бiрiнде – су қайнайды,
Бiрiнде – от жайнайды.

Самауыр



Иiнiнде құлағы,
Iшiнде бұлағы.
Көмейiне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.

Самауыр



Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.

Құмыра



Төртеу адамы,
Біреу алаңы.

Үстел