Өлең, жыр, ақындар


Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.

Кемпірқосақ



Себелеп інжу шашады,
Сергітіп көңіл ашады.

Жауын



Там басына тары жайдым.

Жұлдыздар



Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.

Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы



Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.

Ай мен Күн, бір жылдағы және бір айдағы күндердің һәм бір жылдағы жұманың саны



Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.

Күннің сәулесі



Тақия толы сөк,
Таң атқанда жоқ.

Жұлдыздар



Керегенiң басында кепкен бауыр,
Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.

Ай



Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.

Күн



Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.

Күннің күркіреуі



Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.

Күн



Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық



Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді.

Су



Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ.

Жапалақ қар



Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.

Жаңбыр



Өзі көкте,
Келбеті көлде.

Ай



Күндіз беті таза,
Түнде бетін әжім басты.

Аспан



Көрінбей-ақ көзіңе,
Күш танытар өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал-бақты,
Зыр жүгіртер қанбақты.

Жел



Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.

Ауа



Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді.

Ай