Өлең, жыр, ақындар


Екі желі –
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі.

Домбыра



Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.

Сағат



Ағайынды жетеуінің
Жұмысы бар бесеуінің,
Жұмысы жоқ екеуінің.

Апта



Секунды жоқ
«Тық-тық» еткен.
Есесіне
«Қыт-қыт» еткен.
Қанаты бар,
Сағаты бар.

Әтеш



Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм?

Өрт сөндiруші



Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi?

Ұшқыш



Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп

Күн



Ағайынды бəрi:
Шықса – көк,
Түссе – сары.

Жапырақтар



Жана-жана түнде,
Таусылды ол мүлде.

Шырақ



Алты қырлы,
Бiр сырлы.

Қарындаш



Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.

Көбелек



Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.

Шыбын



Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.

Сағат



Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.

Құмырысқа



Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.

Сөз



Сені қуантып,
Ақ нұрға шылап,
Өзі күйініп,
Тұрады жылап.

Майшам



Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.

Кітап



Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.

Қайың



Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.

Қарағай



Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.

Маса