Жұмбақтар


Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.

Тоқылдақ



3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?

Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады. Осы реттілік бойынша сұрақ белгінің орнында 79 болады.



Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе?

Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады.



Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?

40 кітап



Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.

Ж әрпі



Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?

Жұлдыз



Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.

Жалау-палау



Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.

Жастық-астық



Құйрығы он қарыс
Бұл айбатты ...

Жолбарыс



Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.

Бағдаршам



Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.

Жол



Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Бағдаршам



Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.

Жол



Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.

Милиционер



Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат ?

34 . Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты дыбыстардың, ал екінші сан дауыссыз дыбыстардың санын көрсетеді.



Құмыра
Қолымызда су құюға арналған 21 құмыра бар. 7-і толы, 7-і жартылай толы, 7-і бос. Бұларды үш адамға теңдей етіп бөлу керек, әр адамға 7 құмыра және тең мөлшерде су үлестіру керек. Сіз қалай бөлер едіңіз?

Әр адамға 7 құмыра және 3,5 құмыра судан тиеді. Мұның екі түрлі шешімі бар:
1) А және В екеуі, 2 толы, 2 бос және 3 жартылай толы құмыраларды алады. С, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы құмыраны алады.
2) А және В екеуі, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы, ал С болса, 1 толы, 1 бос және 5 жартылай толы құмыраны алады.



2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?

2007



Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен. Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз ескірген, еденінде шаштар шашылып жатты. Ал шаштараздың шашы қисық-қыңыр, жаман алынған болатын. Батыс жағындағы шаштаразға барғанында іші тап-таза, жаңа және шашатараздың шашы өте жақсы алынған болатын. Ойлана келіп әлгі кісі бірінші көрген шығыстағы шаштаразға барып шашын қысқартады. Мұның себебі не?

Ауылда екі ғана шаштараз бар болғанына қарағанда шашы жақсы алынған батыстағы шаштараздың шашын шығыстағы шаштараз алған болуы тиіс. Сондықтан әлгі кісі шашын шығыстағы шаштаразға алдырды.



Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам арқан жіп бар, аралға қалай өтесіз?

Жіпті көл жағасындағы ағашқа байлап, екінші ұшынан ұстап көлді айналып шықса, ортадағы ағашқа оралып, кейін жіптің екінші ұшын жағадағы ағашқа байлайды. Осылайша екі қабатты 150 метрлік жіптен ұстап аралға барып келуге болады.



Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
Ол не?

Көбелек



nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)